gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өзінің несиесін төлеу үшін алаяқтық жасады….

2 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Өзінің несиесін төлеу үшін алаяқтық жасады….
Share on FacebookShare on Twitter

Есіңізде болсын егер де сіз алаяқтарға ақша аударған болсаңыз, онда ең алдымен банкке қоңырау шалып, менеджерлерден ақшаны қалай қайтаруға болатынын білуіңіз керек. Егер қаражат әлі аударылып жатқан болса, онда операцияны тоқтатуға болады. Бәлкім, осыған үлгеріп қаларсыз. Мұны неге айтып отырмыз? Өйткені, қазіргі таңда қоғамымызда өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырып, тұтқаның арғы жағындағы адамның атынан түрлі айла-тәсілдермен оп-оңай несие рәсімдей салатын алаяқтар көбейді. Айта кетейік, банктердің қаражатты қайтаруы немесе соңғы операцияны тоқтатуы бірнеше сағаттан 60 күнге дейін жүзеге асырылады.

Алаяқтардың айла-тәсілдерінің уақыт ағымына қарай өзгеріп, жаңарып отырғанын да тілге тиек еткен жөн. Біз айтқалы отырған оқиғада алаяқ өзінің несиесін жабу үшін жәбірленушіні «жұмысқа орналыстырып беремін» деп алдап, ақшасын алған екен. Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мамандары бұл оқиғаны толығырақ былай баяндайды:

«Арыс полициясына арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни өзінің танысы «теміржолшы етіп жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіріп, 1.700.000 теңгесін алған. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде Арыс ауданының  тұрғынын анықтады.Белгілі болғандай, ер адам алған ақшаның бір бөлігін несие жабуға, қалғанын өзіне қажет заттар алуға пайдаланған.Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде».

Жоғарыда айтып өткеніміздей, өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырып, тұтқаның арғы жағындағы адамның шотындағы ақшасын қолды етуді немесе соның атынан несие рәсімдеуге көздеген алаяқтар көп. Егер де сіз солардың бірінің айтқанын орындап, ақша аударымды іске асырған болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Құқық қорғау органдары азаматтарды жәбірленуші деп таныған жағдайда, олар  ҚР АК 9-бабына сәйкес үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттері бойынша сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.

Сондай-ақ, банктердің техникалық төлемдері жақсы қорғалғанын есте сақтаңыз.Алаяқтар банктердің техникалық қауіпсіздігін бұзуға емес, азаматтардың сеніміне кіруге баса назар аударады. Шоттарыңыздағы барлық операцияларды бақылау үшін мобильдік банкті және SMS-хабарламаларды қосып алыңыз. Осылайша сіз алаяқтардың әрекеттеріне жылдам жауап бере аласыз — мұндайда уақытты өткізіп алмау өте маңызды.

Өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада көп ақша сақтамаңыз. Қажет болған жағдайда негізгі шоттан немесе депозиттен аударым жасаған дұрыс. Оның үстіне, банктердегі ішкі операциялардың көпшілігі тегін. Жалпы интернет желісіндегі алаяқтық әрекет жасаған қылмыскерлер Қазақстан Республикасында ғана емес, еліміздің аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін. Яғни қылмыстың бұл түрін халықаралық сипатқа ие деуге болады.

​«Алаяқтар ақпараттықтехнологияларды пайдалана отырып, желілерде тіркелу кезінде және ақша қаражаттарын алу барысында да өз деректерін жасырып жасайтындығына байланысты ерекше қиындықтуғызады», — дейді құқық қорғаушылар. Қылмыстарды объктивті тергеу мақсатында тиісті процедуралық іс-шаралар мен қажетті операциялар және т.б тергеу амалдары өткізіледі. Сондай-ақ істердің тергелу барысыұқыптылықты, көптеген карточкалық аударымдар бойынша мұқият аналитикалық жұмысты, ақыл-ойдың өткірлігін және көп уақытты қажет етеді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Азаматтардың интернет-алаяқтық туралы әрбір өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Олардың құрығына іліккендер жасына, жағдайына, ұлтына, мамандығына және т. б. статустарына қарамастан кез келген азамат болу мүмкін. Тағы қайталай кетейік, интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретіндетаныстырады. Жалған электронды чек пайдалану, сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер арқылы тауарларды жарнамалау және сату және онлайн-кредиттерді ресімдеу арқылы жасайды.

Орайы келгенде алаяқтардың қандай деректерді қолды еткісі келетінін айта кетейік. Сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз екенін әркез есіңізде ұстаңыз. Бұл үшін оларға картаның толық деректемелері қажет, яғни жарамдылық мерзімі және қауіпсіздік коды, мысалы, VISA карталарына арналған CVV коды немесе MasterCard карталары үшін CVC-код. Сонымен қатар, олар сіздің телефоныңызға SMS, логин, онлайн-банкингтен пароль, мобильді банктік қосымшадағы жеке кабинеттер түрінде келіп түсетін банктің кодтары мен хабарламаларын білуге талпынады. Өйткені, сонда ғана олар сіздің шотыңыз бойынша кез келген операцияларды кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін барлық төлем ақпаратына ие бола алады.

Previous Post

Оңай олжа оңалтпас

Next Post

Виртуалды махаббат ханшайымы құрықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz