gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алаяқтардан сақтанудың жолы — сауаттылық

18 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Арзан цемент алып беремін» деп алдаған…
Share on FacebookShare on Twitter

Ел дамуында кездесетін күрделі мәселелер тізбегі аз емес. Соның бірі бүгінде бас ауруға аналған алаяқтық. Мәселен жыл басынан бері Қазақстанда интернет-алаяқтар тұрғындарға 13 млрд теңге залал келтірген. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы мәлімдеген болатын.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгінде елімізде интернет-алаяқтық дерегі жиілеп кеткен. Жыл басынан бері қазақстандықтарды интернет арқылы алдауға байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелген. Алаяқтардың әрекеті салдарынан тұрғындарға 13 млрд теңге залал келіп отыр. Мұнда жиі кездесетін әдіс – онлайн-сауда. Бұған қатысты 7 мың алаяқтық іс тіркеліпті. Банктерде және микронесие ұйымдарында жалған онлайн-қарызды рәсімдеудің 1 600 дерегі анықталған.

Ал, осы бір алаяқтық Түркістан облысы бойыншада оңғайға соғып тұрған жоқ.  Мәселен, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 1,5 млн теңге онлайн несие рәсімдеп алған. Жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған ер адам анықталды. Ол жәбірленушінің жұмыс берушісі – дүкен иесі болып шықты. Кәсіпкер сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен қол астындағы сатушының телефонын алып, банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеген. Ал ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген. Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Осы қылмыс үшін 4 мың АЕК-ке (13 800 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар я болмаса 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жалпы алаяқтық дегеніміз – бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады. Ғаламторды торуылдайтын алаяқтар дәстүрлі алдау қағидаларын ұстанғанымен, олардың ерекше сипаттары да бар. Мәселен, олар интернетті пайдаланатындықтан, халықаралық деңгейде таралуымен ерекшеленеді. Яғни, бір елде отырып, екінші елдегі адамдарды алдап-арбай беретін шекара талғамау сипаты бар. Екіншіден, интернет-алаяқтар жасырын болып келеді. Яғни, олар жалған жеке және заңды тұлғалардың атынан жиі әрекет етеді. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес болып табылады. Сонымен бірге, кейбір квалификациялық белгілері бар қылмыстық құқық бұзушылықтарға, яғни ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын алаяқтық, ұрлық, қорлау, жала жабу және т.б. қарсы жұмыстар жүргізеді.

Елімізде көп кездесіп жүрген алаяқтық түрлеріне: интернет-дүкенмен байланысты алаяқтықтар, фишинг, интернет арқылы қайыр сұрау, телефон-алаяқтық, SMS-алаяқтық және интернет-банкинг арқылы жасалатын қылмыстар жатады. Түсінікті болу үшін нақты мысалдарға тоқталғаным дұрыс шығар. Мысалы, қазіргі таңда адамдардың көпшілігі кез келген затты сату немесе алу үшін арнайы сайттарды пайдаланады. Жақында мынадай бір оқиға болды. Бір адам өзінің автокөлігін сату үшін арнайы сайтқа хабарландыру береді. Көп өтпей оған біреу хабарласып: «Маған сіздің көлігіңіз ұнап тұр. Сатып алайын деп едім», – дейді. «Жақсы, келіп көруіңізге болады», – дейді бұл. Бірақ, анау: «Мен барғанша сатып жібермейсіз бе? Мен Ресейде едім. Сізге барам дегенше 2-3 күн өтеді. Сондықтан, сізге 100 мың теңге кепілақы беріп қояйын. Сөйтіп, мен алып кеткенше сатпай ұстап тұрсаңыз», – дейді. Клиенттің табыла кеткеніне қуанған бұл адам да көп ойланбастан оған банк картасының нөмірін береді. Сәл уақыттан кейін қайта телефон шалған сатып алушы: «Мен сізге ақша аудардым. Қазір сізге бір хабарлама келуі тиіс. Сол хабарламадағы сандарды маған айтып жіберсеңіз, сізге ақша түседі», – дейді. Негізі, интернет-банкингті пайдаланатын адамдар біледі, ол жерде түрлі операцияларды орындағанда, банк код жібереді де, астында «Ешкімге бермеңіздер» деп жазып қояды. Бірақ, бұл кісі болса келген кодты айта салып, алаяққа алданып, сан соғып қалды. Өйткені, осы код арқылы әлгі адамның интернет-банкингіне кіріп, оның есеп-шоты бойынша кез келген операцияны жасай беруге болады. Бұдан бөлек, банктердің банкоматтарында «Қолма-қол ақшаны картасыз алу» жаңа қызметі қолжетімді болды. Енді төлем картасынан қолма-қол ақшаны алу үшін мобильді телефонның болғаны жеткілікті, мұнда да оған банкоматтан ақша алу үшін банктен код жіберіледі. Бұл қызмет түрі дұрыс қолданған тұтынушылар үшін өте тиімді. Алайда, осы қызмет түрі бойынша да екі-үш айдың ішінде қаншама адамдар алаяқтарға алданды. Ол да жоғарыда айтылған оқиға секілді. Алдымен адамдардың сеніміне кіріп алады да, сосын «келген парольді айтып берсеңіз» дейді. Құпия сөзді қолына алған алаяқ оның шотындағы ақшаның бәрін өзіне аударып алады немесе қолма-қол шешіп алады. Сонымен қатар интернет-дүкендермен байланысты алаяқтықтар да аз болып жатқан жоқ. Ғаламторда, әлеуметтік желілерде әртүрлі заттар, киім-кешек, телефон, басқа да тұрмыстық бұйымдарды арзан бағада сатамыз деп жарнамалап жататындар бар.

Интернет-алаяқтықтың бір түрі – фишинг. Нақтылап айтқа бұл дегеніміз интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу болып табылады. Қаскүнемдер алдымен танымал брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хаттар таратады. Негізі, айта кететін нәрсе, электрондық адресіңізге өзіңізге қатысты емес, сіз білмейтін мекенжайлардан келген хаттарды ашпаған жөн, ашқан күннің өзінде ол жерде көрсетілген сілтемелерге кірудің қажеті жоқ. Ондайларды мүмкіндігінше сол келген бойында жойып отыру керек және міндетті түрде вирусқа қарсы бағдарламаларды қолданған жөн.Мысалы, сізге байланыс операторларының атынан осындай жалған хат келеді. Егер сол хаттың ішінде көрсетілген сілтемені бассаңыз болды, сіздің компьютеріңізге вирус кіріп кетуі мүмкін. Тіпті, вирус кірмесе де, сілтеменің ішінде «Қауіпсіздікті сақтау үшін логин мен пароліңізді қайта енгізіңіз немесе өзгертіңіз» деген сияқты жазу болады. Ол жерге өзіңіздің логиніңіз бен пароліңізді жазсаңыз – осы мәліметтеріңізді қаскүнемдердің қолына ұстаттыңыз деген сөз.

Сонымен бірге интернет арқылы қайыр сұрау болып табылатын алаяқтық бар. Бұл жерде алаяқтар интернетте, әлеуметтік желілерде танымал демеушілердің, қайырымдылық қорларының атынан мұқтаж адамдарға көмек көрсету туралы жарнамалар береді. Өздері сол қорлардың сайтының не аккаунтының тура көшірмесін жасайды. Көп адамдар оның жалған сайт екенін білмей қалуы мүмкін. Тек, реквизит номерлері ғана басқаша болады. Көмек көрсеткісі келген адам қорлардың шын сайтына кірдім деп ойлап, ақшаны алаяқтардың шотына аударып жіберіп жатады. Сондықтан, қорларға қаражат аударамын деген адам алдымен оның иелерімен сөйлесіп, аударылатын есепшот нөмірін тексеріп алып қана көмек қолын созуы тиіс.

Қалай болмасын облыс тұрғындары күн санап өршіп келе жатқан түрлі алаяқтардың қақпанына түсіп, сан соғып, әттеген-айлап қалмасы үшін сауаттылық пен қырағылықты арттырғаны оң болмақ. Мейлі қай алаяқ түріне кез болыңыз құқық қорғау органдарынан көмек сұрауды ең бірінші ойлағаныңыз жөн.

Previous Post

Қоғамдағы басты мәселенің бірі - интернет алаяқтық

Next Post

Куәлігіңіздің көшірмесін жасамаңыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz