gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданының тұрғыны елді алдағаны үшін бас бостандығынан айырылды

26 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданының тұрғыны елді алдағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен айыпталып сотқа берілген сотталушы К-ға қатысты қылмыстық істі қарады.Сотталушы К алаяқтық, яғни алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында, жәбірленуші А-дан 800 000 теңгемен баласын мектепке мұғалім қызметіне жұмысқа орналастырып беретінін айтып алдап, 800 000 теңгесін жымқырған.

Содан кейін бөтеннің мүлкін жымқыру бірнеше рет жасау мақсатында алаяқтық жолымен жәбірленуші Н-ға асырауындағы ұлдарына қамқоршылық құжаттарын рәсімдеп беретінін айтып алдап, 80 000 теңгесін жымқырған.

Сонымен қатар алаяқтық, яғни алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыруды бірнеше рет жасау мақсатында, Т-тен 1 100 000 теңгемен мектепке мұғалім қызметіне жұмысқа орналастырып беретінін айтып алдап, 1 100 000 теңгесін жымқырған.

Сотталушы К ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Құқық қорғаушылар жұмыс іздеушілерге жұмыс қарастырған кезде делдалдар мен жалған жұмыс берушілерге алданып қалмау керектігін ескертеді. Ол үшін әрине, күмәнді ұсыныстарды ажырата алу керек. Мәселен, бүгінгі ақпараттық технология дамыған заманда түрлі әлеуметтік желілерде жұмыс ұсынатындар көп. Есіңізде болсын, олар қанша рет сұраса да өзіңіздің дербес деректеріңізді жібермеңіз. Бұл қауіпті. Айталық, мессенджерде сізге қандай да бір интернет-дүкеннің тауарларына оң пікірлер жазу туралы жұмыс ұсынылды делік. Бір пікір – 2 000 теңге, ал жұмыс беруші сіз күніне 200 000 теңге ақша таба аласыз деп уәде береді. Сіз келісесіз, содан кейін сізден жеке куәлігіңіздің суретін, банк карточкасының суретін және тіркелген мекенжайыңызды жіберуді сұрайды. Сіз бірнеше күн жұмыс істеуіңіз мүмкін, тіпті ақша да аласыз, бірақ содан кейін олар сізбен байланысын тоқтатады. Уақыт өте келе сізге банктен қоңырау шалып, ай сайынғы кредит жарнасын төлеуді талап етеді. Бүгінде осындай жағдайға тап болып, полицейлерге арызданып жатқандар жетіп артылады. Есіңізде болсын, алаяқтардың бар көздегені жұмыс іздеп жүрген адамды құрығына түсіру. Сондықтан, жұмыс берушілерді үнемі тексеріңіз. Алаяқтардан зардап шеккендер әлеуметтік желілерде өз бастарынан өткен оқиғалармен жиі бөлісіп отырады, ал мамандар сұхбаттарында ұсынымдар береді. Соларды тыңдағаныңыз дұрысү Өйткені, сізге жұмыс ұсынғандарды «қара тізімнен» кездестіруіңіз ғажап емес.

Тағы да айта кетейік, өзіңіздің дербес деректеріңізді ешқашан жібермеңіз. Шын мәнінде сізді жұмысқа қабылдайтын мекеме сізден картаңызды нөмірін немесе жеке куәлігіңізді сұрамайды, ол оған қажет емес. Сіз түйіндемеде көрсеткен деректер мен бұрынғы жұмыс орныңыздан берілген ұсынымдар оған жеткілікті.

Енді дербес деректерге нелер жатады. Сол туралы толығырақ айта кетейік. Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген дербес деректерге адамның анықтау деректері (тегі, аты, әкесінің аты, жылы, туған күні, ұлты), тұрғылықты жері (тіркелген жері), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), жеке басын куәландыратын құжаттар, дактилоскопиялық ақпарат, яғни адамның саусақтары мен алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер, және басқалар жатады. Бұл деректерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген. Қаржылық алаяқтар арасында үлкен қызығушылық тудыратын осы деректер.

Көп жағдайда, адамдар өздері алаяқтарға дербес деректерін қалай беріп қойғанын өздері де білмей қалады. Кейбіреулер желіге жеке ақпараттарын жария ететіп отырады. Суреттерін салады, тұратын мекен-жайын көрсетеді. Құпия ақпаратты оқып, оларды алаяқтарға беретін, лицензиясы жоқ қосымшаларды жүктейді.Сондықтан, құқық қорғаушылар азаматтарға әр кез алаяқтардан өздерін және жақындарын сақтай білу керек екенін айтады.

 

Previous Post

Төлеби ауданында төрт адамды алдаған күдікті ұсталды

Next Post

Онлайн саудаға алданып жатқандар көп

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz