Бүгінгі таңда алаяқтық елімізде орын алып отырған күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Жыл бойы не бір түрлі оқиғалар орын алып, жұрт ағсын ұстауда. Бірінен тұрғындар қорықса, енді бірінен қалай қорғанудың амалын таба алмай екі ұдайы күй кешіп отыр.
Олай болатыны жыл басынан бері Қазақстанда интернет-алаяқтар тұрғындарға 13 млрд теңге залал келтірген. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы хабарлаған болатын. Онда айтылған ақпарат бойынша бүгінде елімізде интернет-алаяқтық дерегі жиілеп кеткен.
Жыл басынан бері қазақстандықтарды интернет арқылы алдауға байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелген. Алаяқтардың әрекеті салдарынан тұрғындарға 13 млрд теңге залал келдтірген. Мұнда жиі кездесетін әдіс – онлайн-сауда. Бұған қатысты 7 мың алаяқтық іс тіркелді. Банктерде және микронесие ұйымдарында жалған онлайн-қарызды рәсімдеудің 1 600 дерегі тіркеліп үлгірген. Армен қарай өсе беретіні даусыз.
Бұл ретте әрекеттің күмәнді болуына қарамастан қазақстандықтар ақшасын көбейту үшін әртүрлі схемаларға қаржы салған. Бір жылда 1200 адам осындай схемалардың құрбаны болған. Олар өз ақшаларын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салған. Сондай-ақ кейбір жағдайда осы мақсаттарға несие рәсімделген. Жеңіл ақшаны іздеймін деп олар жинақтарын жоғалтыпты.
Алаяқтар ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар жасау арқылы тұрғындарды қызықтыратып отырған. Олар «менеджерлермен» және «брокерлермен» барлық байланыс онлайн, оның ішінде мессенджерлер арқылы болатынын айтады. Кейбір жағдайда алаяқтар үлкен соманы тарту үшін дивидендтерді бір рет төлейді. Фишингтік сілтемелерді жіберу арқылы қазақстандықтардың шотынан 1 мың ұрлық жасалған. Банктер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалатын алаяқтық ерекше алаңдаушылық туғызады. Осындай тәсілмен жыл басынан бері 3 мыңнан аса алаяқтық жасалыпты.
ІІМ өкілі банк пен полиция қызметкерлері ешқашан қазақстандықтардан дербес деректерді сұрамайтынын, телефон арқылы арнайы операциялар жүргізуді талап етпейтінін еске салды.
Ал, Түркістан облысында соңғы уақыттарда орын алған алаяқтық оқиғаларды жаймен һәм ретімен айтып көрейікші.
Өңірлер бойынша мынадай деп айуға болады. Түркістан шаһарында дүкен иесі сатушысының атынан онлайн несие рәсімдеп алған. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 1,5 млн теңге онлайн несие рәсімдеп алған.Жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған ер адам анықталды. Ол жәбірленушінің жұмыс берушісі – дүкен иесі болып шықты. Кәсіпкер сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен қол астындағы сатушының телефонын алып, банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеген. Ал ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген.Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Осы қылмыс үшін 4 мың АЕК-ке (13 800 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар я болмаса 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Шаһарда орын алған тғы бір оқиға танысын үй алып беремін деп алдаған алаяқтың ісін атап айтуға болады. Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Оған сырттай таныс әйел мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтып, қызметі үшін 300 мың теңге ақшасын алып, бір жыл бойы алдап келген.Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190»-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.Тұрғынды алдап, ақшасын алған күдікті әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден топ құрылып, олар көп кешікпей күдіктіні ұстады. Ол жұмыссыз жүрген қала тұрғын болып шықты.
Бұл облыс орталығында болып жатқан жағдайдың тек біреуі ғана болып табылады. Келесі аудандар бойынша Сарыағашта Қазақстан азаматтығын алып беремін деген аляқтық жасаған. Нақтылап айтқанда Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз жазып, өзін Қазақстан азаматтығын алып беремін деген танысының алдап кеткенін айтты.Әйел адамның айтуынша, Өзбекстан елінен Қазақстан жеріне көшіп келген кезде өзінің танысы оған Қазақстан азаматтығын алып беремін деп уәде беріп, алаяқтық жолмен 300 мың теңгесін жымқырған.Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары алаяқты іздестіріп, танысын алдап кеткен адамды анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.Күдікті ер адам шетелден қоныс аударған жәбірленушіні төлқұжатын заңдастырып беремін деп алдап, ақшасын жаратып жіберген.
Келесі Шардара ауданында туысын 2,5 млн теңгеге алдаған әйел анықталған. Енді ол ҚР ҚК-нің 190-бабы, яғни «Алаяқтық» бойынша сотталады. Шардара аудандық полиция бөліміне Жетісай ауданының тұрғыны арызданып, туысының 2,5 млн теңгесін алдап алғанын айтты. Жәбірленушінің туысы «мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін» деп 2,5 млн теңге ақшасын алған. Алайда арада бір жыл уақыт өтсе де уәде етілген несиені де, ақшаны да қайтармаған.Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысында туысын 2,5 млн теңгеге алдаған әйел ұсталдыЕнді ол ҚР ҚК-нің 190-бабы, яғни «Алаяқтық» бойынша сотталады.
Тағы бір алаяқтық оқиғасы Сайрам ауданында орын алған. Онда пәтер жалдаған әйел үй иесін 1,5 млн теңгеге алдаған. Алаяқ үй иесінің сеніміне кіріп, телефонын алдап сұрап алып, банк қосымшасы арқылы 700 мың теңге несие рәсімдеген. Одан бөлек, банк есеп шотындағы ақшаны өзіне аударып, қажетіне жұмсаған. Сондай-ақ мобилдік қосымша арқылы 470 мың теңге несие алып, онлайн желілерден де тағы екі ақшалай несие алып, үй иесімен бірге ештеңе болмағандай төрт ай бірге тұрып келген. Бір дастарханнан тамақ ішіп жүрген.Полицейлер алаяқтың кім екенін бірден тапқан. Ол жәбірленушінің пәтерінің бір бөлмесін жалдап тұрған әйел болып шыққан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді.
Енді бір айта кететін оқиға құқық қорғау орындарының мамандарына қатысты. Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын. Антикордың мәліметінше, күдікті полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан азаматтарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн теңге көлемінде ақша алған.Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу соты оған «үйқамақ» бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сонымен қатар облыстық киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері 31 алаяқты ұстаған болатын. ІІМ «CyberPol» пилоттық жобасын іске қосқан болатын. Бұл жоба цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді. Осы бағытта Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алып, анықтауда 6 жедел уәкіл, 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Департамент бастығының тапсырмасымен құрылған топ интернет-алаяқтық қылмысымен айналысқан жалпы 31 тұрғынды ұстап, олардың интернет-алаяқтық қылмысына (56 дерек) қатысы барын дәлелдеген. Бұл қылмыстық істер бойынша жинақталған іс құжаттары сотқа жолданған.
Мәселен, бұл топтың жедел уәкілдері облыстың бірнеше тұрғынын алдап, олардың атынан онлайн несие алған жас жігітті ұстады. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өзін көлігіне жолаушы болып отырған жас жігіт әңгімеге тартып, сеніміне кіріп, телефонын сұрап алып, ондағы банк қосымшасын пайдаланып, оның атына 1,6 млн теңге несие рәсімдеп алғанын жеткізді. Ақпарат алысымен арнайы құрылған топ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауда жан-жақты жұмыс істеді. Нәтижесінде күдікті ретінде Сарыағаш ауданының тұрғыны, жұмыссыз жас жігітті анықтады. Оның 6 бірдей жүргізушіні алдап, оларға жалпы 6 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтіргені белгілі болды. Несиеге мақұлдау алған алаяқ танысы ақша салып жібергенін айтып, жүргізушінің телефоны арқылы арнайы терминалдардан қаражатты шешіп алып отырған. Қазір күдікті қамауда, оған қатысты материалдар айыптау актісімен сотқа жолданды. Киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері болған интернет-алаяқтық қылмыстарын саралап, жергілікті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі профилактикалық іс-шараларды үнемі ұйымдастырып келеді.
Осылай айта берсек алаяқтық оқиғалар аз болып тұрған. Жоқ. Барлығында ардап шегетін қарапайым халық. Маңызды мәселе тұрғындар өздерінің құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, қатысты орындармен бірге алаяқтық оқиғаларымен күресуі оңды болып саналмақ.



