Түлкібас ауданында 60 мектеп бар. Онда 23611 оқушы білім алады. 60 мектептің 46-сы жалпы орта, 5-еуі негізгі орта, 9-ы бастауыш мектеп. Одан бөлек А.Макаренко атындағы жалпы орта мектеп жанында мектеп-интернаты жұмыс істейлі. Онда бүгінде 110 оқушы тәрбиеленуде. 60 мектептің 51-і типтік, 9-ы ыңғайластырылған.Ауданда үш ауысымда оқитын мектеп жоқ.
Сонымен қатар, ауданда 51 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 15-і мемлекеттік балабақша. Онда 2003 бала, ал 33 жекеменшік балабақшада 3843 бала тәрбиеленуде. 3 шағын орталықта 100 бала бар. Барлығы 5946 бала тәрбиеленуде.
Мұнан бөлек ауданда балаларға қосымша білім беретін бірнеше мекеме бар. Айталық, аудандандық балалар өнер мектебіне -527 бала, «Жас туристер станциясына» -444 оқушы, «555» Білім беру орталығына 405 оқушы,«Жасталап» спорт клубына-168 бала оқушы,«Ақмейір» білім беру орталығына 200 балабарып, қосымша білім алады. Білім беру мекемелерінде 3891 бала спорттық үйірмелермен қамтылған.
Енді білім саласының қызметкерлері жайлы айтайық. Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында барлығы3143 педагог жұмыс істеуде. Олардың 3112-сі жоғары білімді, 31-і орта арнаулы білімді. Жалпы аудандағы педагогтардың 28-і «Педагог-шебер», 598-і «Педагог -зерттеуші», 711-і «Педагог- сарапшы», 621-і «Педагог -модератор», ал 1958-і жалпы жаңа біліктілік санатына ие болған.
Сонымен қатар, жоғары санатты педагогтер– 41, бірінші санатты педагогтер – 76, екінші санатты педагогтер – 103, педагог санатында педагогтер – 965. Аудан педагогтерінің біліктілігін арттыру перспективалық жоспарына сәйкес,өткен оқу жылында 758 педагог курспен қамтылды.2023-2024 оқу жылында 945 педагог курспен қамту жоспарлануда.
Білім беру ұйымдары террористтік осал объектіге жататын болғандықтан 700-ден асатын оқушысы бар 11 мектепке турникет орналастыру үшін 15 млн. 840 мың теңге жоспарланды. Мектепке дейінгі ұйымдарға 590 бейнебақылау камералары қойылды. Аудан мектептері 962 дана бейне бақылау камереларымен жабдықталған.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2022 жылғы 06 мамырдағы №185 бұйрығына сәйкес, мектепалды және мектеп жасындағы тәрбиеленушілер мен оқушылар тұрақты тұратын елді мекендерден 3 километрден астам қашықтықта орналасқан 13 елді мекенде 2023-2024 оқу жылына 446 оқушыны мектепкетасымалдау жұмысы ұйымдастырылған. Былтырғы оқу жылында 515 оқушы тасымалданып оқыған болатын. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап облыстан оқушыларды тасымалдайтын 20 орындық 5микроавтобус беріліп, И.Рыбалко, Ы.Алтынсарин, М.Бағысбаев, Т.Иманбеков, С.Бреусов атындағы жалпы орта мектептеріндегі оқушылар тасымалданды. 38 орынды 3 автобус Абайыл-РЗД115-Ә.Молдагулова, Санатория-И.Рыбалко, Көктерек-Т.Рысқұлов мектептеріндегі оқушыларға берілді.
Аудан бойынша 60 мектептің 1 және 4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар, 5-11 сыныптарда оқитын аз қамтамасыз етілген отбасы балалары да бір мезгіл ыстық тамақ берілуде.
Өткен оқу жылында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан оқушылары 26 жүлделі орын мен 7 «Алғыс хат» иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңінен 3 оқушы жүлделі орыннан көрінді. Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы үш жыл қатарынан республикадағы 100 үздік мектеп тізіміне енді.«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының кітап қорын көркем әдебиеттермен толықтыру мақсатында облыстық білім басқармасынан 4587дана (жалпы сомасы 22 млн 349 мың 608 тг) көркем әдебиеттермен толықтырылды.Бүгінгі таңда барлық мектеп кітапханаларында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұстаздар арасында «Мен оқыған бір кітап», ал оқушылар арасында «Буктрейлер», «1,2,3» жобасы, «20 минут» кітап оқу жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.
2023-2024 оқу жылында аудан мектептерінен 8-11 сынып оқушылары арасынан98 жұмыс қатысып, оның 19-ы облыстық сараптама комиссиясына жолданды. Нәтижесінде 7 оқушы облыстық кезеңге жолдама алып, 7-і де жүлдегер атанды. Биылғы оқу жылында 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының аудандық кезеңі Б.Садықов атындағы жалпы орта мектептің базасында өтті. Байқауға ауданның мектептерінен 12 бағыт бойынша 105 жұмыс ұсынылды,оның ішінен 24 жұмыс іріктеліп, облыстық байқаудың сараптамалық кезеңіне жіберілді. Сараптамалық кезеңнен 11 жұмыс облыстық кезеңге қатысып, 9 –ы жүлдегер атанды. Жүлделі орын алған 9 оқушы 2-і ғылыми жобаның республикалық кезеңіне жолдама алып отыр.
Мектепте білім беру сапасын арттыру мақсатында аудан мектептерінен пәндер бойынша PISA курсынан 173 мұғалім өтті. Оның ішінде математика пәнінен – 82 мұғалім, физика пәнінен – 20 мұғалім, химия пәнінен – 20 мұғалім, биология пәнінен – 20 мұғалім, география пәнінен – 17 мұғалім және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 14 мұғалім курс оқыды. «Ұрбұлақ», Дауан, Ш.Мұртаза, М.Ломоносов ат.МГ, Ғ.Мұратбаев, Б.Садықов атындағы жалпы орта мектептерде білім алатын 171 оқушы мектептерге арналған PISAтапсырды.
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысқан М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Абдрахманова Айғаным І-орынды жеңіп алса, А.Асқаров атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Купбай Әсел Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, 5-6- сынып оқушылары арасында өткен аудандық «Алтын сақа» олимпиадасына аудан мектептеріне 185 оқушы қатысты. Олардың 45 пайызы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық кезеңге 5-сыныптан 5 оқушы, 6-сыныптан 5 оқушы жолдама алды.
«Түркібасы» жалпы білім беру мектебі базасында 10-11 сыныптар арасында «Алтын түлек» олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың өңірлік кезеңіне аудан мектептерінен 10 сыныптан 85 оқушы қатысып, 38 оқушы жүлделі І, ІІ, және ІІІ орындарды иеленді. Ал, 5 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Аталмыш білім бәйгесіне 11 сыныптан 72 оқушы қатысып, 35 оқушы жүлделі І, ІІ, және ІІІ орындарды иеленді. Ал, 6 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. «Алтын түлек» олимпиадасының республикалық кезеңі 2024 жылдың сәуір айында өтеді. Оқушыларға сәттілік тілейміз.