Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадаға Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №11 Манкет жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Лутпиллаев Хамидулло қатысып, ІІ орынды иеленді. Осы жетістігі үшін оған Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқу гранты тапсырылды. Сонымен қатар, аталмыш олипиадаға Рустемов атындағы №12 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Султаниязова Саида да қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.Өңір мерейін үстем еткен оқушыларды аудан әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр Бақтыбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Тынымбаева Гүлнара Тұңғышбекқызы, мектеп ұжымы, туысқандары мен достары теміржол вокзалынан ыстық ықыласпен күтіп алып, жеңістерімен құттықтады.
Орайы келгенде Сайрам ауданы оқушыларының жетістіктеріне тоқтала кетсек. 2022-2023 оқу жылында жылдық қорытынды білім сапасы бойынша 51 пайызды құрады, облыстың орта көрсеткіші 54 болған. 2023-2024 жылдың 1-ші тоқсанында білім сапасының көрсеткіші 54 пайыз болды. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 3 пайызға артты. Осы оқу жылының 2-ші тоқсанында білім сапасының орташа көрсеткіші 56 пайызға көтеріледі деп жоспарланған еді, 2 тоқсанда 56,41болды, яғни 11,74 пайызға артты.
1 тоқсанда 53430 оқушының 4275-і бір ғана пәннен «3-тік» бағаға қорытылып, екпінділер санын кемітті, терең талдау жасалып, қорытындысы директорлер кеңесінде қаралып, алдағы тоқсанда осы оқушылармен жеке қосымша жұмыстар бойынша іс-шаралар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, төмен білім сапасын көрсеткен мектеп басшылары мен оқу орынбасарларына, пән мұғалімдерімен, каникул кезінде оқыту семинарлары өткізіліп, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу тәсілдері бойынша семинар-кеңестер өткізілді.
Тоқсан барысында кадрлық әлеуетті дамыту, педагогтардың кәсіби құзіреттілігін көтеру мақсатында айына бір рет әдістемелік кабинет жоспарына сай пәндік онкүндіктер өткізілді. Осы онкүндіктер аясында крнференциялар, шебер сыныптар, диалогтық алаңдар, байқаулар, семинарлар және ашық есік күндері ұйымдастырылды.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне биыл (ББЖМ) 21 мектеп қатысты. 4 сыныптар бойынша жалпы орта балы 16,5 пайыз, 9 сыныптар бойынша 41 пайызды құрады. Былтырғымен салыстырғанда Сайрам ауданы 9-шы сыныптардың көрсеткіші бойынша 10 орында иеленді. Сала мамандары 2022 жылы бұған 1 мектеп қатысып, ауданның соңғы 17 орында болғанын айтады. Қазіргі таңда білім сапасын арттыру мақсатында бірқатар жобалар іске асып өз нәтижесін беруде.
2022-2023 оқу жылында 3459 (939 оқушы қазақ сыныбында, 275 оқушы орыс сыныбында, 2245 оқушы өзбек сыныбында)оқушы мектеп бітіріп,ҰБТ-ға 1987 оқушы қатысты. «Алтын белгі» иегерлері 91 оқушы, «Үздік аттестат» иегерлері 278 оқушы болды.
9 сыныпты 5528 оқушы бітіріп, оның 1590-ны колледждерге кетті. 9 сыныптарда 473 оқушы үздік аттестат алды. 2023 жылы ҰБТ-ға қатысуға 1987 оқушы өтініш берсе, оның 1900ы тестілеуге (1725 оқушы қазақ тілінде,172 оқушы орыс тілінде, 3 оқушы ағылшын тілінде) қатысты.
Биылғы жылы аудан бойынша ҰБТ тапсырған 1900 оқушының 710-ы (35%) мемлекеттік грант иегері атанды. Оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша 168 оқушы грант иегері атанды. Шетелге түрлі оқу орындарына ақылы, грант негізінде 29 оқушы түскен.2022-2023 оқу жылында республикалық оқушылардың олимпиадасының облыстық кезеңінде 44 оқушыдан 19 оқушы жүлделі орын, 2 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Ал, оқушылар олимпиадасының республикалық кезеңіне 2 оқушы қатысып, оның біреуі 1 оқушы алғыс хатпен марапатталды.
Одан басқа облыс деңгейінде өткен пәндік байқауларға 631 оқушы қатысып, 114 оқушы жүлделі орындармен оралды. Дәстүрге арналған спорттың түрлерінен өтетін «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстарында облыста 19 команда топ жарып, облыстың атынан республикалық жарысқа қатысты. Нәтижесінде 3 команда жүлделі орын иеленді. Атап айтсақ,«Далабазар» жалпы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларынан құралған қыздар тобы баскетболдан 1-орын алып, чемпион атанды. Футболдан Анартаев жалпы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларынан құралған қыздар тобы республикада І орынды иеленді.Футболдан Айша бибі жалпы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларынан құралған қыздар командасы жүлделі ІІ-ші орынды иеленді.
Биылғы оқу жылында оқушыларға арналған пән олимпиадасының облыстық кезеңінде 17 оқушы жүлделі орынға ие болса, 4 оқушы мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар, биыл республикамызда тұңғыш рет ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға ауданнан 1204 оқушы қатысып, облыстық кезеңнен 90 оқушы І орын, 158 оқушы ІІ орын, 249 оқушы ІІІ орын, 497 оқушы жүлделі орын иеленіп, 4 оқушы республикалық кезеңге жолдама алған болатын.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, солардың бірқатары республикалық пән олимпиадаларында үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді. Өңір абыройын асқақтатқан оқушылардың бұдан биік білім бәйгелерде топ жаруына тілектеспіз.