gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Ордабасылық ұстаздар оқ бойы озық шықты

30 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Ордабасылық ұстаздар оқ бойы озық шықты
Share on FacebookShare on Twitter

«Оқуға құштар мектеп» жобасына үлес қосу және оқушылар мен мұғалімдер арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында «А.Байтұрсынұлы Білім Академиясы» республика көлемінде «Үздік оқырман» байқауын өткізген болатын.

Білім бәйгесі ІІІ кезеңнен тұрды. Жалпы әр кезеңде іріктелген 5 кітап оқылып, ашық сұрақ-жауаптар арқылы 3500 педагог қатысып, І кезеңнен — 2500, ІІ кезеңнен — 900 педагог іріктеліп, ақтық мәреге 50 педагог өтті.

Жақында Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп базасында байқаудың қорытынды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқыту ісінің үздік әдіскер-тренерлері Қисымова Алима Қисымқызы мен Дюсупбаева Қарлығаш Советханқызының «Кітап адам миының кинотеатры», «Кітап шабыттың көзі» атты тақырыптарда шебер сыныптар өткізілді.

Қорытынды мараптаттау рәсімінде І орынды өңіріміздегі Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі Өтебек Әлия иеленсе, Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Шарипова Айжан мақтау грамотасымен марапатталды.

Қатысушылар ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасына және «Ogyrman» кітап дүкеніне экскурсия жасап құнда материалдармен танысты.

Реті келгенде айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ордабасы ауданындағы «Төрткүл» жалпы орта мектебінің оқушысы Маруа Сәулембаева Астана қаласында өткен «Балалар әлемі» жобасынан жүлделі оралған болатын. Аталмыш республикалық сайыс та ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған-ды. Осы сайыста ордабасылық оқушы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Маруа Сәулембаева «Оқуға құштар мектеп» байқауында қазақ тілі бойынша эссе жазу, шетел және отандық әдеби шығармаларды талдау бойынша бас жүлде иеленіп, облыстық байқауға жолдама алған болатын. Облыстық сында да Маруа үздік атанып, республикалық байқауға жолдама алған-ды. Онда да Маруа Сәулембаева үздіктердің қатарынан көрінді. Маруаны бұл сайысқа ұстаздары Лаура Үмбетова мен Айгүл Тәшімбетованың дайындағанын айта кеткен жөн.

Previous Post

Нұрлан Әбдіров: Мақсат – азаматтардың еркін таңдауына жағдай туғызу

Next Post

Сарыағаштық ұстаз «Үздік оқырман» атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz