gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаштық ұстаз «Үздік оқырман» атанды

30 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағаштық ұстаз «Үздік оқырман» атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Ахмет Байтұрсынұлы Ұлттық ғылым Академиясының ұйымдастыруымен бір жыл бойы мектеп мұғалімдері арасында “Үздік оқырман” байқауын өткізген болатын. Байқауға республиканың түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық оқырман ұстаздар қатысты. Алғашқы кезеңге 5 роман, повесть жанрындағы шығармалар оқуға ұсынылды. Қатысушылар оқылған кітаптар мазмұны бойынша онлайн түрде сауалдарға жауап беріп, сауатты жазу, логикалық тереңдігі тұрғысынан арнайы критерийлер бойынша бағаланды. ІІ-кезең қазан айында өтіп, отандық және әлем әдебиеті классиктерінің романдарын оқып, сұрақтарға жауап берді. Осы кезеңде жоғары ұпай жинаған мектеп мұғалімдері жүлделі орындарды иеленді.

Айталық, Сарыағаш ауданындағы №18 санды “Абай” жалпы орта мектебінің мұғалімі Ақжарқын Смаилова “Үздік оқырман” байқауының барлық кезеңіне қатысты. Осылайша сарыағаштық ұстаз республикалық сайыстың ақтық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, жеңімпаз мұғалімдерді Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Бином мектебінің базасында салтанатты түрде марапаттап, оларға ақшалай сыйлықтар мен мақтау қағазы табысталды.

Реті келгенде тілге тиек ете кетейік, бүгінде саялы өлкеде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 нысанның құрылысы басталса, Бағыс елді мекеніндегі 300 оқушыға лайықталған мектептің құрылысы аяқталып, білім ордасы оқушыларды қабылдаған. Нұрлы жол және Сарысу елді мекендеріндегі мектептің құрылысы да қолға алынған болатын.

Previous Post

Ордабасылық ұстаздар оқ бойы озық шықты

Next Post

Жаңа форматтағы сабақ беру үлгісі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz