gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Жаңа форматтағы сабақ беру үлгісі

30 января, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Жаңа форматтағы сабақ беру үлгісі
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Арыс қалалық білім бөліміне қарасты И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектебінде жаратылыстану пән бірлестігінің «Жаңа форматтағы сабақ беру үлгісі түрлі сын тұрғысынан ойлау арқылы әдіс-тәсілдерді қолдану» атты әдістемелік күні өтті.

Іс-шара аясында «Пәндерде қазақтың ұлттық ойын элементтерін пайдалану» шебер сынып, «Қағаздан жасалған шариктер, топтық жұмысқа «Асық ату», «Сақина салу», «Арқан тартыс» сынды ұлттық ойындардан тапсырмалар беріліп, сол арқылы кластер жасатып постер қорғатты. «Рыленков» әдісі бойынша кері байланыс орнады. Математика пәні мұғалімі «Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер» атты әдістемелік сабақ өтті. «Миға шабуыл» әдісімен оқушылардан сұрақ-жауап жүргізіліп, топтық жұмысқа «Горнер схемасы мен DEAL» әдісі арқылы күрделі есептерді талдау жасады.

Сергіту сәтінде «Бірмүшені, көпмүшеге келтіру» әдісі пайдаланылып, оқушыларды қызықтырды. «Робототехника тарихы және оның келешегі» тақырыбында әдістемелік сабақтар өтілді. Оқушыларды 2 түрлі робот арқылы топқа бөліп, ребус арқылы сабақтың тақырыбы ашылды, практикалық жұмыста роботтар жарысын жасалып, Wordwall. net платформасы арқылы сабақты бекіту сұрақтары қойылды. «Себеттегі алма» әдісі арқылы сабақ қорытындыланды.

Орайы келгенде айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-4 сынып оқушыларын мектепте тегін тамақпен қамту туралы тапсырма берген болатын. Президенттің бұл бастамасы балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз.

Бұған дейін, Арыста әлеуметтік осал топтағы отбасылардағы балалар ғана ыстық тамақпен қамтылып келген болатын. Биылғы оқу жылынан бастап, қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тікелей қолдауымен қала мен ауылдағы бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бұл жаңалықтың ата-аналар мен балаларды қуантқаны анық. Себебі бұған дейін тегін ыстық тамақ оқушыларға тек әлеуметтік жағдайына қарай беріліп келген болатын. Биылдан бастап 1-4 сыныпта оқитын барлық оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтыла бастады.

Жалпы, биылғы жылы қала мен ауыл мектептеріндегі бастауыш сыныпта 6700-ден астам бала білім алуда. Оның ішінде 1400-ден астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

Previous Post

Сарыағаштық ұстаз «Үздік оқырман» атанды

Next Post

Көркем-эстетикалық бағыттағы пәндерді оқытуда ақпараттық технологиялардың маңызы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz