gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардаралық ұстаздар отбасы құндылығын насихаттады

26 января, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардаралық ұстаздар отбасы құндылығын насихаттады
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданындағы «Шардара» мектеп-лицейінде болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата мен әженің, әке мен ананың, жеңге мен қайынсіңлі арасындағы өзара сыйластықты нығайтып, тұлғалық сипатын қалыптастырып, ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру мақсатында аймақтық семинар өтті.

«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты тақырыпта өткен семинарға ауданның құрметті азаматы, ардагер Қ.Інайұлы, аудандық медиатор төрағасы Ж.Битуов, аудандық «Ақ әжелер» ансамбілінің мүшесі, ардагер ұстаз Ж.Зияшқызы, аудандық «Аналар» кеңесінің төрайымы Г.Исаева, мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрағасы С.Лаханов, қамқоршылық кеңес төрағасы М.Мархабай, «Әкелер» мектебінің төрағасы Ә.Башқараев, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Г.Шамиева мен Д.Маметова, аталмыш мектеп-лицейдің директоры Ж.Сапаров, ДТІЖО Г.Ахатова және ата-аналар қатысты.

«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты тақырыпта баяндама жасаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Жексенбаева отбасылар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттады. Семинарды мектеп-лицейдің директоры ашып беріп, тәрбие бағытындағы өзекті мәселелерді қозғап, үздік, белсенді оқушылардың ата-аналарына алғысын білдірді.

Айта кетейік, бүгінде аудандағы 20 мыңға жуық оқушы 31 мектепте білім алса, 5 мыңға тарта бүлдіршін 41 балабақшада тәрбиеленуде. Барлық мектеп ұялы байланыс және интернет желісімен жабдықталған.

Previous Post

Шардара ауданының ұстаздары мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салуда

Next Post

Отырарлық мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz