Ордабасы ауданында 73 мектеп бар. Оның ішінде мемлекеттік мектеп -66, жекеменшік мектеп -7.Жалпы білім саласына 2023 жылы 34 млрд 828 млн. теңге қаржы қаралған. Қаралған қаржы толығымен игерілді.Мемлекеттік 66 мектептің 52-сі жалпы орта, 2-і негізгі орта, 12-і бастауыш мектеп.Оқушы саны (дайындық тобымен қоса есептегенде) – 37289. 1-ші сыныпқа 3405 оқушы қабылданды. Аудандағы 50 мектеп типтік ғимаратта орналасқан. Ал 16 білім ұясы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Сонымен қатар, өңірде саманнан салынған 2 мектеп бар. Апатты мектеп жоқ.
Ауданда 59 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. Оның 15-і мемлекеттік, 44-і жекеменшік. 2-6 жас аралығында 8552 бала тәрбиеленуде. Бюджеттен әр балаға 46305 теңгеден төленеді. Жалпы өңірде балаларды балабақшамен қамту деңгейі 99,2 пайызды құрайды. Айта кетейік, 10 мемлекеттік балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 136 млн. теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 30 млн. теңге қажетті заттар (ойыншықтар, кереуеттер, орындықтар, столдар, компьютерлер, шкафтар) сатып алынды.
Үш мектепке жаңа ғимараттар салынып пайдалануға берілді. (С.Мұқанов мектебіне 300 орын, З.Исабеков мектебіне 200 орын. Ақбастау мектебіне 100 орын.) Сонымен қатар, үш жекеменшік мектеп ашылды. (Бадам ауылы, Орда мөлтек ауданынан «Ұлы Орда» және Шұбарсу ауылынан «Көктөбе», «Sia bilim» жекеменшік бастауыш мектептер.)
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары аралығында ауданда 5 мектеп құрылысы қолға алынатын болады. Елшібек батыр ауылындағы «Төрткүлтөбе, Ынтымақ ауылындағы С.Ысқақов атындағы жалпы орта мектептеріне 200 орындық мектеп құрылыстары 2024 жылға ұсынылды. Қаржы қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, биыл екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Біріншісі, Қажымұқан ауыл округі, Қажымұқан ауылы, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Нысан 2024 жылдың наурыз айында пайдалануға берілетін болады. Жалпы құны – 336 млн. теңге.
Екіншісі, Қараспан ауыл округі, Көлтоған ауылында орналасқан Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары былтырғы жылдың маусым айында басталып, нысан 2024 жылға өтпелі болған еді. Бұған қаралған қаржы – 714 млн. 280 мың теңге. 2023 жылға қаралғаны 428 млн. 600 мың теңге. Мердігер мекеме 286 млн. теңгені 2024 жылға жоспарланған.
Қазіргі таңда Е.Ерназаров мектебінде 408 оқушы бар. Жаңа оқу жылында 1-6 сыныптағы 256 оқушысы 6 км жердегі Б.Оңтаев мектебіне, 7-11 сыныптағы 152 оқушысы 3,5 шақырым жердегі Тәукехан мектебіне тасымалданып оқуда.Сонымен қатар, 2022 жылы ЖСҚ жасалынып, сараптамадан өткен 5 мектептің құжаты облыстық білім басқармасына ұсынылды (1. І.Есенберлин – 992,1 млн. К.Омаров – 716,2 млн. Қ.Сәтбаев – 1 млрд. 008 млн. М.Исламқұлов – 1 млрд. 762 млн.А.Шерімқұлов – 887,2 млн. теңге).
Білім беру мекемелерінің ішінде 2 мекеме (мектеп) сұйық отынмен, 54 мекеме (49 мектеп, 7 балабақша) қатты отынмен, 23 мекеме (16 мектеп, 8 балабақша) орталық қазандықтан жылытылады. 2022-2023 жылыту маусымына 174,541 млн.теңге қаралған болатын. Оның ішінде, 8599 тонна қатты отынға, 152 тонна сұйық отынға, 642 мың куб табиғи газға келісім-шарт жасалынып, жылыту маусымына толық берілуде.12 мектеп, 2 балабақшаны газға ауыстыру ұсынылды.
Аудандағы 66 мектептің барлығында ішкі әжетхана бар. Жұмыс жасап тұр. Аудан бойынша орталықтандырылған кәріз жүйесі болмағандықтан барлық мектепте жергілікті септик орнатылған. Жалпы көлемі 5995 куб. Септиктерді тазалау үшін мердігермен келісім шарт жасалынған. Жыл басынан 7560 куб лас су шығарылған. Ішкі әжетханаларға қажетті заттар сатып алу үшін 30 млн. теңге қаржы қаралып, қажатта заттар сатып алынды.
Өңірдегі 66 мектептің барлығына дабыл нүктесі орнатылған. Дабыл нүктесін орнатушы «ОТИС» ЖШС-і.
Мемлекеттік 18 мектепте 6971 метр қоршау жұмыстары жасалынуда. Бұл мақсатта 152 млн. теңге қаржы қаралған. Жеңімпаз анықталған. Жыл соңына дейін аяқталады.
Барлық мектептер бейне бақылау жүйесімен қамтылған. 1308 дана бейне бақылау камерасы бар. Биылғы жылы қосымша 560 камера орнатуға 51,7 млн. теңге қаралып, толығымен орнатылды.
«Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 10 заманауи автобус алынды. 21 ауылдан 17 мектепке оқушы тасымал ұйымдастырылған.
Ордабасы ауданындағы 66 білім беру ұйымының 53 білім беру ұйымында кітапхана жұмыс істейді, 12 бастауыш мектепте кітапхана жоқ. Кітапхана қызметкерлерінің саны — 77.Сонымен қатар, ауданда жалпы 867 770 дана кітап қоры бар. Оның ішінде596 709 оқулық пен 271 061 дана көркем әдебиет бар.2023 -2024 оқу жылында 93 557 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге тапсырыс беріліп, жаңарту жолымен толықтырылып, білім беру ұйымдарына тасымалданып, жеткізілді.2 сынып оқушылары жаңартылған мазмұндағы орыс тілі пәнінен -4000 данаға тапсырыс беріліп қамтамасыз етілді. 1-2 сыныпқа Цифрлық сауаттылық электронды 4000 данадан оқулықпен қамтамасыз етілді.Мұғалімдер Бейнелеу өнері мен еңбекке баулу электронды әдістемелік нұсқаулықпен әр білім беру ұйымдары қамтамасыз етілді.Сонымен қатар, мектептер 4886 дана көркем әдебиеттермен қамтамасыз етілді.
Аудан бойынша бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын балалар саны-14851. Оның ішінде бастауыш сыныптың 13196 оқушысы, жоғары сыныптың 1655 оқушысы бар. 49 мектепте асхана бар. 17 мектепте асхананың болмауына байланысты баларларына бір реттік буфеттік тағаммен қамтамасыз етілуде.
Мектептердің материалдық базасын қамтамасыз ету мақсатында 1000 дана тақта, 1753 дана парта, 1500 дана шкаф, 54 мектепке электр генераторлары, қазандық насостары сатып алынуда. Қазіргі таңға 1000 тақта мектептерге таратылды. Жыл соңына дейін партамен шкаф жеткізіледі.