Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен Кентау қалалық полиция бөлімінің 2023 жылғы 12 айды қорытындылау туралы жедел кеңесі өткізілді.
Жиында 2023 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстар мен құқықбұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыс нәтижелері туралы Полиция подполковнигі Данияр Туймебаев, полиция подполковнигі Мухамедали Турганбаев, полиция майоры Арнур Султанкулов баяндама жасады.
Жалпы, 2023 жылдың 12 айында 252 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Қылмыстың саны 2022 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда -22,2 пайызға төмендеген. Онда, ауыр және аса ауыр қылмыстың ашылу пайызы 75,3 құраса, орта және онша ауыр емес қылмыстың ашылу пайызы 52,7 құраған.
Оның ішінде қылмыстар 217, теріс қылықтар 35. Әйелдерге қатысты жасалған 108, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған – 7 қылмыстық құқықбұзушылық орын алғандығы аталды.
Қала әкімі полиция қызметкерлеріне қаланың тыныштығын сақтауда, әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, жол апаттарының болдырмау бойынша көлік жүргізушілермен түсіндірме шараларын жүргізу қажеттігін атап өтті.



