gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Мектепте мемлекеттік тілге құрмет көрсетілді

4 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Мектепте мемлекеттік тілге құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады», деп балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет екенін жеткізген болатын.

Жақында Қазығұрт ауданындағы Ж.Есіркепов атындағы жалпы орта мектепте  «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН» атты тақырыпта іс-шара өтті. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шараағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қ. Сүлейменов пен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Әбдуәлінің 9-10 сынып оқушылары арасында»МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ» тақырыбында өткізген сайысынан бастау алды.

Іс-шараның мақсаты ана тіліміздің мәртебесін көтеру, ұлтаралық тілідің мүмкіндіктерін оқушыларға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта  тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданының мектептерінде бүгінде 37277 оқушы білім алуда. Оның 2650-і – бірінші сынып оқушылары. Өңіріміздегі өзекті проблемалардың бірі мектептердегі орын тапшылығы екені белгілі. Өткен жылы 7 мектептің, атап айтқанда, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Т.Тула атындағы жалпы орта мектебіне – 300, С.Рақымов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Атажұрт (Жаңа Айнатас) елді мекеніндегі мектепке – 100 және Амангелді атындағы жалпы орта мектебіне 150 орынды қосымша мектеп ғимараты салынған. Сондай-ақ, 200 орынды П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің,  200 орынды Сырлысай елді мекеніндегі жалпы орта мектептерінің құрылысы басталған.

Сонымен қатар, білім мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Яғни ауданда 70 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта аудан мектептеріне тағы да 80 дана бейнебақылау құрылғыларын сатып алу үшін бюджеттен 64 млн. 475 мың қаржы бөлініп отыр. Оқушыларының саны 700-ден көп 11 мектепке турникеттер орнату үшін бюджеттен 24 млн. 420 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу басқармасына ашық конкурс өткізу үшін өтініш берілген.Аудандағы 18 мектептің сыртқы қоршауларын қалпына келтіруге 264,2 млн.теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Ауданда мектебі жоқ 8 елді мекенде  627 мектеп жасындағы бала бар. Олар жақын маңдағы мектептерге қатынап оқиды. Оларды тасуға 9 автокөлік ұйымдастырылған. Бұл үшін қыркүйек-желтоқсан айларына 19 млн. 707 мың теңге бөлінген. 2023-2024 оқу жылында 627 оқушыны тасымалдау үшін Қазығұрт ауданында  мемлекет тарапынан  берілген 20 орынды

4 автобус, 38 орынды 1 автобус және мердігерлер есебінен алынған 3 автокөлік қызмет көрсетуде.

Previous Post

«Білімді ұлт» жобасы сапалы білім алуға кеңейтуге мүмкіндік береді

Next Post

Ақмарал апайдың абыройы асқақ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz