gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Білімді ұлт» жобасы сапалы білім алуға кеңейтуге мүмкіндік береді

3 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Білімді ұлт» жобасы сапалы білім алуға кеңейтуге мүмкіндік береді
Share on FacebookShare on Twitter

«Білімді ұлт» сапалы білім беру Ұлттық жобасы бойынша облыстағы мемлекеттік негізгі және орта білім беру ұйымдары физика, химия, биология, STEAM – пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілуде. Бұдан бөлек, 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында облыста кезең-кезеңімен 199 мектеп салу жоспарланған. Бекітілген жоспарға сай 8 апатты мектепті, 9 үш аусымды мектепті  жою бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Былтыр өңірімізде 33 мектептің құрылысын жүргізуге 22,6 млрд. теңге қаралып, 20 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Ал, қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болатын.

Сонымен қатар, 21 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы қаралған-ды. Күрделі жөндеу жұмыстарының ішінде 4 мектептің жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілген. Ал, 12 мектептің құрылыс жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталды. Сонымен қатар, 5 мектептің қаржысы 2024 жылға өтпелі болатын.

Айта кетейік, облыс бойынша қазіргі таңда 1000 мектеп бар. Оның 907-сі мемлекеттік, 93-і жекеменшік. Одан бөлек, облыста 1378 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы бар. Олардың 77,1%-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Сонымен қатар, өңірдегі ерекше балаларға білім беретін және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес пен қолдау қызметін көрсететін 31 арнайы білім беру ұйымы бар. Соңғы үш жыл көлемінде облыстағы арнайы білім беру ұйымдарының желісі көбейді.

Жалпы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған. Ұлттық жобаға сәйкес елімізде толық жинақталған ауыл мектептерінде жан басына қаржыландыру біртіндеп енгізу, педагогтердің еңбекақысын арттыру мәселелері қаралады. Бұл жоба 4 негізгі бағыттан, 5 міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадан тұрады. Онда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру және т. б. мәселелері нақты жұмыстар атқарылады. Қысқасы, аталмыш ұлттық жоба сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жобаны әзірлеу барысында ең алдымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінді. Осы міндетті орындау үшін «қаражат балаға» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру жолымен мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 пайызға, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 пайызға жетеді.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында барлық мектепке дейінгі ұйымдарда бала дамуының жаңа моделі енгізілетін болады. «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт өзгертілетін болады.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының екінші міндеті – орта білім беру сапасын арттыру. Атап айтқанда, өңірлер, қалалық және ауылдық мектептер  арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту (PISA). Ұлттық жоба аясында оқушылардың білім сапасындағы алшақтықты азайту бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады. Ұлттық жоба аясында 12 жылдық оқытуға көшу жоспарлануда.

Ал, үшінші міндет — мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету. Оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін 2025 жылға қарай 1000 мектеп салу жоспарланған. Нәтижесінде елімізде үш ауысымды мектептерді жою және апатты мектептер үлесін 0,1%-ға дейін қысқарту күтілуде. 2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылып, балаларды оқыту үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ

Previous Post

Оқушыларға кітап оқу сағаты ұйымдастырылды

Next Post

Мектепте мемлекеттік тілге құрмет көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz