gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Созақ ауданында 1 «Жайлы мектеп» бой көтеруде

17 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Созақ ауданында 1 «Жайлы мектеп» бой көтеруде
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданында 2023-2024 оқу жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 900 орындық 1 мектеп салу қарастырылған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектепте де 200 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай – ақ, Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейі мен Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектептің ғимараттарын толықтай күрделі жөндеуден өткізу мақсатында тиісті сметалық құжаттар жасалып мемлекеттік экспертизаның қорытындысы алынған. Биыл аталған білі ұяларында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қажетті қаржыға сұраныс жолданды. Одан бөлек, Батырбекова атындағы, Созақ, Суындық, Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептердің және Т.Әлімқұлов атындағы мектеп интернаттың жылу қазандықтары ауыстырылды.

Бүгінде Созақ ауданында типтік мектептер саны — 33, ыңғайластырылған мектептер саны – 2. 2023-2024 жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 1528  оқушы қабылданып, жалпы аудандағы оқушылар саны 15468-ді(МАД тобында-1219) құрады.

Айта кетейік, бүгінде облыста «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биыл 29 мектептің құрылысы басталып, келесі жылы аяқталады. Қалған 34 мектеп 2025 жылы тапсырылады. Мектептердің құрылысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған. Арнайы жұмысшы тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілген. Әр аудан, қалада мектеп салынатын жер анықталып, инфрақұрылымы тартылып, бірнеше мектептің құрылысы басталып кетті.

Облыс бойынша қазіргі таңда 1000 мектеп бар. Оның ішінде 907-сі мемлекеттік, 93-і жекеменшік. Одан бөлек, облыста 1378 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы бар. Олардың 77,1%-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Сонымен қатар, өңірдегі ерекше балаларға білім беретін және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес пен қолдау қызметін көрсететін 31 арнайы білім беру ұйымы бар. Соңғы үш жыл көлемінде облыстағы арнайы білім беру ұйымдарының желісі көбейді.

Жалпы елімізде 2026 жылға дейін ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу көзделген. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстардың орындалу сапасын мұқият қадағалап, нысандардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеуі тиіс және мектептерді белгіленген мерзімде тапсыру қажет екенін айтады.

Жалпы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектептердегі орын тапшылығын болдырмауға, апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер мәселесін толығымен шешуге бағытталған. Жайлы мектептердің басқа білім ұяларынан айырмашылығы «Жайлы мектептер» бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғни, пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталатын болады. Мектеп ішінде оқулықтар мен жеке заттарды сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылады. Осылайша, оқушылардың ауыр сөмкелерін біршама жеңілдетуге мүмкіндік туады. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін тарсформер-парталар мен «ауыз су фонтандары» қойылады. Әр қабатта оқушыларға арналған тынығу алаңдары болады. 2023-2025 жылдар аралығында елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 401 мектеп салу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінді. Тағы бір айта кететіні, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланып, безендіру талғамға сай жүреді. Сонымен қатар, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар қарастырылған. Әр блоктың өз асханасы мен спорт залы болады.

Previous Post

Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданындағы мектептердің құрылыс алаңдарында болды

Next Post

Сайрамда мектептерде математика пәнінің апталығы өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz