gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданындағы мектептердің құрылыс алаңдарында болды

17 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданындағы мектептердің құрылыс алаңдарында болды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында биыл мемлекет есебінен 50-ге жуық мектептің құрылысы жүруде. Бүгін өңір басшысы Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданындағы іссапарында мектеп құрылыстарының жұмысымен танысты. Облыс басшысы Сарапхана ауыл округі, Майлыошақ елді мекенінен салынып жатқан 300 орындық А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің құрылыс алаңында болды.
Білім нысанының салыну мақсаты – ыңғайластырылған мектепке типтік мектеп ғимаратын салу. Мектеп құрылысы 2021 жылы басталған. Мердігер – «ӨМІРЗАҚ» ЖШС. Мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына өткен жылы қайта түзету жұмыс жобасы әзірленген. Биыл желтоқсан айында пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Өңір басшысы құрылыстың кешігіп атқарылып жатқанын сынға алып, жауапты басшылар мен мердігерге жұмысты күшейтуді тапсырды. «Сақалды құрылысқа» айналған нысанға жауаптыларға айыппұл салынған. Облыс әкімі жұмыс барысын толық тексеріп, құрылыс кестеге сай бітпесе, құзырлы органдарға жолдауды тапсырды.
– Әр білім ұясын уақтылы салу өте маңызды. Біресе, қаржыны сылтауратып, біресе, басқа мәселені сылтауратып, құрылысты созбалаңға салуға болмайды. Құрылыс мәселесі бойынша арнайы жиналыс өткізіп, талқылағанбыз. Барлық мердігер, жауапты басшылар өз міндеттерін дұрыс атқарсын. Балалардың сапалы білім алуы үшін жанашырлықпен жұмыс істеу қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс басшысы осы күні Қызылқия ауыл округі, Атажұрт елді мекеніндегі 100 орынға арналған «Айнатас» негізгі орта мектебінің құрылысымен де танысты. Ғимарат екі қабатты, жер көлемі – 2,0 га. Құрылыстың ауданы – 1382,61 шаршы метр. Бұл жобаға 2023 жылы қайта өңдеу жұмысы жасалған. Сметалық құны – 1 028,612 млн теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердігермен келісімшарт түзілді. Нысан 2024 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.
Бұл нысан бойынша да тиісті тапсырмалар берілді. Құрылыс барысы қатаң бақылауға алынды.
Previous Post

Түркістан облысына орталық сайлау комиссиясының төрағасы іссапармен келді

Next Post

Созақ ауданында 1 «Жайлы мектеп» бой көтеруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz