gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысына орталық сайлау комиссиясының төрағасы іссапармен келді

17 февраля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысына орталық сайлау комиссиясының төрағасы іссапармен келді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапар аясында Түркістан қаласы мен Отырар, Сауран аудандарына барды. Алғашқы күні Отырар ауданының жас сайлаушыларымен кездесіп, ауданның аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын тексерді. Сонымен қатар, Түркістан қаласында облыстық аумақтық комиссия мүшелерімен кеңес өткізді. Екінші күні облыстың жас сайлаушыларымен, депутаттарымен, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдерімен жүздесті. Шаралар аясында сайлау жүйесіндегі өзгерістер, учаскелер мен комиссия мүшелеріне қойылатын талаптар жайы сөз болды.
Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Сауран аудандық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті. Онда Нұрлан Мәжитұлы сайлау учаскесінде болып, мүгедектігі бар азаматтар мен байқаушылардың жұмысы үшін қажетті жағдай жасауды назарда ұстау керектігін айтты. Іссапар аясында Төраға мемлекеттің сайлау жүйесін дамыту туралы монографиялық кітаптарды Отырар және Сауран аудандарының, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кітапханаларына табыстады.
Бұдан бөлек, Нұрлан Әбдіров облыстың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына — «ҚР сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» семинарына қатысты.

Previous Post

Шағын мектеп мұғалімдері тәжірибе алмасты

Next Post

Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданындағы мектептердің құрылыс алаңдарында болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz