Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №3 жалпы орта мектепте математика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Білімдіге-биіктен орын» атты тақырып аясында пән апталығының салтанатты ашылуы өткізілді. Жиынға мектеп директоры Э. Адахамов қатысып, математика пәнінің мұғалімдеріне сәттілік тіледі. Айта кетейік, математика пәні апталығына 8 және 11 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттырып, оларды жарыстарда топ жаруға ынталандыру, дарынды балаларды анықтау болды.
Екі аптаға жоспарланған пән апталығы жылдағыдай жаңалықтар мен қызықты ақпараттарға толы болды. Өз кәсібін жетік меңгерген пән мұғалімдері ашық сабақтар, зияткерлік сайыстары өткізіп, оқушыларды ынталандыру мақсатында оларды сыйлықтармен марапаттады. Осы өткен іс шаралар арасында математика пәнінің мұғалімдері Аббос Абдинабиев мен Ибрагимова Динараның ашық сабақтары «Үздік сабақ» деп табылды және алдағы семинарға ұсынылды.
Бірлестік жетекшісі С. Хасанованың 9-сынып оқушыларымен өткізген «Эрудит» тақырыбындағы математикадан интеллектуалды сайысы логикалық және пәндерге байланысты қызықты сұрақтарға толы болды. Сайыс қатысушыларына керемет сыйлықтар берілді. Осындай іс-шаралар әр пәнде өтуін ұсынған мектеп әкімшілігі жалпы апталықты жоғары деп бағалады.
Айта кетейік, ауданда 201 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 11-ге артық. Жалпы аудандағы 97 мектептің 74-і мемлекеттік болса, 23-і жекеменшік. Сонымен қатар, ауданда 101 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 11-і мемлекеттік, 90-ы жекеменшік балабақша. Одан бөлек, 1635 орынды 7 жекеменшік балабақша іске қосылды. 3 қосымша білім беру мекемесі бар. Олар: №1 Саз мектебі, Оқушылар үйі, оқу-өндірістік комбинаты.
Ағымдағы жылдың қантар айында тағы 1 мектеп іске қосылады. Ол – Ақбұлақ ауылындағы 700 орынды «Кәусар бұлақ» мектебі.Аудан бойынша 1-6 жастағы бала саны – 43322. Былтыр 1635 орынды 7 жекеменшік балабақша іске қосылды. Атап айтар болсақ, олар: Қарамұрт ауылындағы 100 орынды «Нұрлы шуақ», Қарабұлақ ауылындағы 1000 орынды «Жас ұлан», 125 орынды «Сұлтан -2023», 110 орынды «Мухамедәли», 100 орынды «Лилия» және «Хансұлтан», Ақарыс ауылындағы 100 орынды «Ақбөпем» балабақшалары.
Бүгінгі таңда 14040 орынды 101 мектепке дейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік тапсырыс арқылы 13828 бала тәрбиеленуде.11 мемлекеттік мекемеде 1720 бала, 90 жекеменшік мекемеде 12108 бала тәрбиеленуде.
Былтыр аудандағы 11 мемлекеттік балабақшаның 7 еуінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Атап айтар болсақ, олар: «Кәусар», «Балажан», «Бөбек», «Сайрам-2», «Арай», «Аққайын» және «Күншуақ» балабақшасы.
2023-2024 жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 5924 оқушы (2022 жылы – 6231оқушы) келді. Қазіргі таңда аудандағы мектептерде 64990 оқушы білім алуда. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бұл көрсеткіш былтырғы жылғымен салыстырғанда 1584 оқушыға артық. Оқушыларға 7962 мұғалім дәріс береді. Олардың 7 398-і мемлекеттік мектептерде, 564-і жекеменшік мектептерде жұмыс істейді. Педагогтердің 99 пайызы (7882) жоғары білімді. 7201 мұғалім жаңа форматта біліктілігін арттырған.
Былтырғы жылдың 8 айында 9 мектеп басшысы ротацияланды. 5 мектеп басшысы ауыстыру тәртібімен басқа мектепке ауыстырылды. Қазіргі таңда мерзімсіз келісім шартпен 14 мектеп директорлары жұмыс істеуде.Енді білім беру мекемелерінің аттестаттаудан өту барысы туралы айтайық. Былтыр мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде Сайрам ауданына қарасты 32 мектеп, 22 мектепке дейінгі ұйымды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жоспарланған болатын.
2023 жылдың 1-ші жарты жылдығында 19 балабақша және 5 орта білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде, 19 балабақшаның барлығы бірінші кезеңнен өте алмай, 19 балабақша жіберілген кемшіліктерін түзетіп қайта қарау кезеңінен 19 балабақша аттестатталды. Атап айтар болсақ, олар: «Розакул ата», «Еркетайлар», «Тыныштық әже», «Шөжек», «Керемет», «Айтан», «Жас бөбек», «Санат», «Аружан», «Нұршашу», «АйЯ», «Аққайын», «Сүмбілшаш», «Разия ана», «Чарос», «Жұмақыз ана», «Марифат ана», «Балақай», «Мадина» балабақшасы.
32 мектептің барлығынан 1 кезең бойынша 4,9 сыныптардан тест алынып, 40 пайыздан жоғары оң бағамен бағаланған.32 мектептің ішінен 12 мектептің бірден аттестатталғандығы туралы қорытынды алынды. (№89 Қайнарбұлақ ЖОМ, №92 Ақсу ЖОМ,№28 Ақбай ЖОМ, Далабазар ЖОМ, №82 Наметов НОМ, №81 Ұлықбек ЖОМ,№7 Бабыр ЖОМ,№6 Киров ЖОМ, Макатаев атындағы ЖОМ,№68 Датұлы ЖОМ,№3 Хамза атындағы ЖОМ, Жон Арық бастауыш )
Сонымен қатар, өткен жылдың бірінші жарты жылдығында 3 мектеп, атап айтар болсақ, №31 Бәйдібек жалпы орта мектебі, М. Горький атындағы №5 жалпы орта мектебі, Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің құжаттары бойынша кемшіліктер тураланып, қайта аттестатталды. Екінші жартыжылдықта №101 және №47, 96, 57, 64 жалпы орта мектептері мен «Айнабұлақ» негізгі орта мектебі қайта аттестатталды. Қалған 10 мектептің құжаттары қаралуда.