gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Мұғалімдер тоқсандық бағалауға қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті

18 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Мұғалімдер тоқсандық бағалауға қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, Ы. Алтынсарин атындағы №1 гимназия мектебінде «Бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау жолдары» атты тақырыпта әдістемелік оқыту семинары өтті. Оған қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Айгүл Амангелдіқызы Мақұлбекова және қала мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары, бірлестік жетекшілері қатысты.

Аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары П.Күнпейсова жалпы мектепішілік БЖБ, ТЖБ талдау жұмыстарымен таныстырып, талдау қорытындысы бойынша төмен баға алған оқушылармен қосымша сабақтар өткізу кестесі жасалып, қатені жою жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде білім сапасын көтеру мүмкіндігі туындағанын айтты.

Мектеп педагог — психологы С.Балтабаева, С.Сейтбекова оқыту семинарына қатысушыларға « Мұнара құрастыру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Әдістемелік оқыту семинарындаЫ. Алтынсарин атындағы №1 гимназия мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ө. Бақылбеков 5 -сынып оқушыларының жиынтық бағалау жұмыстарының талдауын көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Тарих пәнінің мұғалімі Г.Ахмедова оқушылардың деңгейіне ыңғайластырып, өзі құрастырған тоқсандық жиынтық бағалау жұмысымен бөлісті. Тарих пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Д. Баубекова «Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды талдау» тақырыбында баяндама оқып, ТЖБ жұмысын талдау арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолында жасаған жұмыстарымен таныстырды.

Әдістемелік оқыту семинарының қорытындысында сөз алған қаладағы мектеп директорларының орынбасарлары өздеріне қажетті мағлұматтарды алып, тәжірибелерін толықтырды. 2 сынып оқушыларынан құралған вокал тобы «Болашағы елімнің» әнін орындап, семинарға қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.

Айта кетейік, бүгінде Кентау қаласында 28 мектеп бар. Оның23-і мемлекеттік, 5-еуі жекеменшік. Білім ұяларында 21 631 оқушы білім алуда. Оқушыларға 1966 педагог дәріс береді. Олардың  1842-сі жоғары білімді, 41-і орта арнаулы білімді, 30-ы «педагог-шебер», 422-сі «педагог-зерттеуші», 424-і «педагог-сарапшы», 406-сы «педагог-модератор», 520-сы «педагог», 26-сы «жоғары», 20-сы «бірінші», 35-і «екінші» санатты. Барлық пәндер өз мамандарымен толық қамтамасыз етілген.

2022-2023 оқу жылында  Кентау қаласының білім бөліміне қарасты мектептердегі  мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан бөлімге қарасты мекемелерден 658 мұғалім біліктілігін арттыру курсынан өткен болса, 2023 жылы 327 мұғалім  Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтынан біліктілігін арттырды. 2023-2024 оқу жылында жоспарға сәйкес білім мекемелерінің педагогтері біліктілік курстарынан өтуде.

Previous Post

Төлеби ауданында заманауи үлгідегі 4 мектеп салынуда

Next Post

Кентауда инватакси және әлеуметтік такси қызметі іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz