Кентауда мүгедектігі бар адамдар қала халқының 5,4 пайызын құрайды. Бүгінде олардың орнына еркін қозғалуы үшін барлық жағдайлар жасалуда.
Кентау қаласында 4 инватакси және 3 әлеуметтік такси қызмет көрсетуде. Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін пайдаланатын тұрғындарға және бөлмеде жүріп тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медециналық көрсетілімдері бар тұрғындарға инватакси қызмет көрсетеді.
Ал әлеуметтік такси 2 топ 16 жастағы мүгедектігі бар балдарға, медициналық және әлеуметтік мекемелерге және құқық қорғау органдарының мүгедектері үшін қызмет етеді.
Инватакси қызметтері бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектігі бар адамдардың жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес қызмет көрсетіледі. Басқа мүгедектерге инватакси қызметтері олардың өтініш білдіру тәртібіне қарай қызмет көрсетіледі. Жоғарыда аталған қызметтерді алу үшін мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін көрсететін ұйымға өтініш (еркін нысанда), жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 026 1/е нысан бойынша дәрігерлік–консультациялық комиссияның қорытындысы, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, сондай-ақ, 2-тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы мүгедектігі бар адамға қайтарылады.
Сонымен қатар, инватакси қызметін алу үшін диспетчерге өтінім жоспарланған сапар күніне дейін 1 күн бұрын инватакси немесе әлеуметтік такси қызметін көрсететін ұйымға телефон арқылы уақыты мен алып кететін және баратын жердің мекен-жайын айтып өтінім беріледі. Ал инватакси қызметтерін көрсетуге арналған обьектілердің және белгіленген пункттерге келер болсақ, мүгедектігі бар адамның жұмыс орны, мүгедектігі бар адамның оқу орны, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сот немесе прокаратура мекемесіне, әлеуметтік инфрақұрылым обьектілеріне, оның ішінде медициналық қызметті жүзеге асыратын мекемелер, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар, спорттық сипаттағы әртүрлі құрылыстар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемесіне, заң консультациярын алу үшін нотариусқа, медициналық мекемелер жедел немесе шұғыл медициналық көмекті көрсету жағдайларда, әуежай, темір жол вокзалдарына және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдарна инватакси арқылы бара алады.
Кентау қалалық әлеуметтік орталық