Кентауда қалалық білім бөліміне қарасты 28 мектеп бар. Оның23-і мемлекеттік, 5-еуі жекеменшік. Одан бөлек, өңірде 33 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның 19-ы мемлекеттік, 14-і жекеменшік. Мектептен тыс 3 мекеме бар. Қазіргі таңда мектептерде 21 631 оқушы білім алуда. Оларға 1966 педагог білім мен тәрбие беруде. Сонымен қатар, балабақшаларда 2-6 жас аралығында 5878 бала тәрбиеленуде.
Былтырғы оқу жылынабюджеттен Кентау қаласының білім бөліміне қарасты мектептерге жалпы 16 913 678 ,0 мың теңге, оның ішінде «жан басына қаржыландыру» нормативі бойынша қаржыланатын 13 мектепке 7 360 738,0 мың теңге қаралды. Ал, ұстаздардың жалақысынан бөлек, жалпыға міндетті білім беру қорына 233 086,0 мың теңге бөлінді.
Былтырғы оқу жылында жалпы мектептердегі педагогтардың сағаты 30794,5 болды. Орташа бір педагогте 17,1 сағаттан келді. Ұстаздардың орташа жалақысы қала мектептері бойынша 200 мың мен 500 мың теңгенің, ауыл мектептері бойынша 250 мың 623 мың теңгенің аралығын құрады. 33 мектепке дейінгі ұйымға 1-6 жас аралығындағы 5878 бала қамтылып, балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 95,5 пайызға жетті. 3-6 жасқа межеленген индикатор көрсеткіші 100 пайыз орындалды. Жалпы балабақшада 606 педагог қызмет атқарады. Олардың (156 педагог) 25,7 пайызы санатты ұстаздар.
Қалада орталықтандырылған жылу жүйесіне (ТЭЦ-5) 26 мекеме (14 мектеп, 9 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме) қосылса, автономды жылу жүйесіндегі 14 мекеме шағын қазандықпен (10 мектеп, 4 балабақша) жылытылады. Мекемелердің жылу жүйесін қысыммен үрлеп, жуып – шаюға (гидравликалық сығымдаудан өткізу жұмыстарына) бюджеттен – 4061,8 мың теңге, мекемелерді жаңа оқу жылына дайындап, әктеп-сырлауға10831,1 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.
Сұйық отынмен жылытылатын 6 мектепке, атап айтар болсақ, №7, 8, 9, 10, 19, Қашқари атындағы жалпы орта мектептерге 90602,0 мың теңгеге 348,684 литр сұйық отын (1 литрі – 232 теңге 1 тиын) алынды. Жеткізушісі: мердігер «Универсал РК» ЖШС-гі. Ал, қатты отынмен жылытылатын 4 мектепке, атап айтар болсақ, №8, 11, Қарнақ, Шаштөбе, №15 жалпы орта мектептерге 14606,6 мың теңгеге 1169 тонна қатты отын (1 тоннасы-12495 теңге) жеткізуді «Исабеков К.К.» ЖШС-гі жеңіп алып, келісімшарт жасалып, көмір барлық мекемелерге жеткізілді.
2023 жылы 2 мектептің жылу жүйесін газдандыруға өткізу жоспарланып, бүгінгі таңда Д.Қонаев атындағы жалпы орта және А.Молдағұлова атындағы №19 мектептің техникалық құжаттары мен жобалық сметасы жасалып 54403,0 мың тенге қаржы бөлініп, аталған білім ұяларының жылу жүйесі толықтай «көгілдір отынға» қосылды. Реті келгенде айта кетейік, барлық білім мекемелерінің ішінде 23 мектептің қатты отын сақтау қоймалары талапқа сай келеді. Ал, 33 балабақшаның 2-уінің, атап айтар болсақ, «Балапан» және «Жауқазын» балабақшаларының қатты отын сақтау қоймалары талапқа сай емес. Жөндеу жұмыстарының барлығы демеушілердің есебінен жабдықталуда.
Білім ұяларына ағымдағы жөндеужұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан 10831,1 мың теңге қаралып, бүгінгі таңда мектептердегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған білім ұяларында сабақтар жүргізіліп жатыр. Айталық, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектепте жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 700,0 мың тенге бөлініп, бүгінгі таңда спорт залдың шатыры, әжетханасы мен жылу жүйесі, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әжетханасы жөндеуден өткізілді.
Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2022 жылы №24 мектепке 38 069,7 мың теңгебөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы №24 мектептегі құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін қазынадан 353 609,0 мың теңге бөлініп, жоспарланған жұмыстар толық аяқталды.
Кентау қалалық білім бөліміне қарасты мектептерде жылу жүйесін қысыммен жуып-шаю жұмыстары өз уақытында толығымен жасалып, қазандық тұратын орындары ретке келтіріліп, 2023-2024 оқу жылын толық дайындықпен бастады.Білім мекемелеріндегі (мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдары) залалсыздандыру жұмыстарынжүргізуге 5 667,0 мың теңге бөлініп, бұл жұмыстар да толығымен атқарылды.
Жалпы бөлімге қарасты 23 мектептің барлығы кітапханамен қамтамасыз етілген. Биылғы оқу жылында оқулық қоры 1-2 сыныптарда «Цифрлық сауаттылық», «Бейнелеу өнері», «Көркем еңбек» оқулықтары беріліп, оқушылар электронды оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілді.
Ал, енді педагог кадрлар туралы айтар болсақ. Қаладағы білім мекемелерінде 1966 педагог жұмыс істейді. Олардың 1842-сі жоғары білімді, 41-і орта арнаулы білімді болса, 30-ы «педагог-шебер», 422-сі «педагог-зерттеуші», 424-і «педагог-сарапшы», 406-сы «педагог-модератор», 520-сы «педагог» дәрежесін алған. Сонымен қатар, 26-сы «жоғары», 20-сы «бірінші», 35-і «екінші» санатты ұстаздар. Барлық пәндер өз мамандарымен толық қамтамасыз етілген.
2022-2023 оқу жылында Кентау қаласының білім бөлімне қарасты мектептерден 658 мұғалім біліктілігін арттыру курсынан өткен болса, 2023 жылы 327 мұғалім Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтынан біліктілігін арттырып келді. 2023-2024 оқу жылында да жоспарға сәйкес білім мекемелерінің педагогтері біліктілік курстарынан өтетін болады.
Инклюзивті оқыту бойынша қалалық білім бөліміне қарасты 23 мектепте 0-18 жас аралығындағы ерекше оқытуды қажет ететін балалар саны – 396. Оның ішінде 0-6 жас аралығында 65 бала мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленуде. 7-18 жас аралығындағы – 331, оның ішінде 75 оқушы инклюзивті біліммен қамтылса, 74 оқушы логопунктте қосымша мамандардың көмегін алады. 8 оқушы ықпалдастыра оқыту бағдарламасымен білім алуда, 174 оқушы үйде оқытылады. Үйде оқытылатын оқушылар компьютермен және оқулықпен қамтылған. Инклюзивті біліммен қамтамасыз етілген балалар саны 20 пайызды құрайды. Инклюзивті біліммен қамтамасыз етілген 4 мектепте арнайы сыныптар бар мекеме үлесі — 17 пайыз. Қазіргі таңда жалпы меже жоспарға сәйкес орындалуда. 2023 жылы межені 80 пайызға жеткіздік, яғни 3 мектептен «логопункт», Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясының базасынанресурстық орталық ашып, 1 меңгеруші, 1 әдіскер, логопед, дефектолог маман, педагог-психолог және 15 тютер 25 ерекше оқытуды қажет ететін оқушылармен жұмысын бастады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100 пайыз қамтамасыз ету» туралы тапсырмасына орай қаламыздағы мектептерде қазіргі таңда 269 бейнебақылау камерасы орнатылған. Былтыр бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын жаңа талап бойынша мектептерге қосымша 995 дана камераға сұраныс берілді. Түркістан облысы білім басқармасынан 23 млн 770 мың теңге қаражат қаралып, конкурс жарияланды. Қазіргі таңда 25 комплект бейнебақылау камераларына 20 882 249,92 мың теңге қаржы веб порталға жарияланып, жеңімпаз анықталуда.
Турникет бойынша жалпы 14 мектепке саны 56 турникетке жеңімпаз анықталып, келісім шарт жіберілді. Қазіргі таңда турникеттерді №1,3,5,6,10,12,14,16,19,22,23,24,Қашғари, Қарнақ жалпы орта мектептеріне орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, №5,6,7,8 мектептердің қоршауын жаңарту үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланып, жеңімпаз анықталды. Жалпы соммасы 42 532 560,0 мың теңгені құрады. Мектептерде қоршауды жаңалау жұмыстары басталып кетті. Атап айтар болсам, қазіргі таңда мектеп қоршаулары №5,6,7,8 мектептерде жаңартылуда. Қаладағы 23 мектепке дабыл қағу батырмалары, бейне камералар мен толық қамтылған дабыл батырмалары орнатылып, облыстық полиция департаментіне қосылған.
Өздеріңізге белгілі еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты мектептердегі оқушы қауіпсіздігін сақтау маңыздылығы артып отыр. Қазіргі таңда мектептерде 100 пайыз мамандандырылған күзет қызметі жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 08 – қарашадағы №500 бұйрығына және Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда.
2022-2023 оқу жылында мектептердегі үлгерім пайызы – 100 пайызды, білім сапасы 55,8 пайызды (2020-2021 оқу жылында бұл көрсеткіш 55,2 пайызды, 2021-2022 оқу жылында 55,3 пайызды) құрады. Оқушылардың білім деңгейінің орта балы 4 балл болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға жоғары.Мектеп бітіруші түлектердің арасында 43 оқушы «Алтын белгі», 54 оқушы «Үздік үлгідегі аттестат» алды.
Қала бойынша биылғы оқу жылында 857 түлек мектеп бітіріп, оның 788 оқушысы ҰБТ-ға қатысып, 69 оқушысы ҰБТ тапсыруға барған жоқ. ҰБТ-ға бармағандардың ішінде 65 оқушы өз еркімен, 1 оқушы үйде оқытылғандықтан, ал 3 оқушы шетелдегі жоғары оқу орындарына түскендіктен ҰБТ тапсырмады.
Білім сапасының бірден-бір көрсеткіші – оқушылардың пәндік олимпиадасы екені белгілі. 2022-2023 оқу жылында оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 50 оқушыдан 35 оқушы жүлделі орын, 4 оқушы Алғыс хатпен марапатталды. Республикалық оқушылар олимпиадасында жаратылыстану пәнінен 1 оқушы ІІІ жүлделі орынды, гуманитарлық пәндер бойынша 4 оқушы ІІ және ІІІ жүлделі орынды иеленді.
Жалпы бөлімге қарасты 23 мектептің барлығы кітапханамен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы оқулық қоры 3 сыныптарда жаңартылады. Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылып, 2397 әдеби кітап сыйға берілді. Мектеп кітапханаларын автоматтандыру мақсатында «Е-КІТАПХАНА» портфолиосы енгізілді. Сонымен қатар, Ә.Бөкейханов атындағы №23 мектеп, Ақын-тұма атындағы №11 мектеп базаларында «COWORKING» (КОВЕРКИНГ) орталықтары ашылды.
Білім саласындағы білім сапасын анықтаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі – білім мекемелерін мемлекеттік аттестаттаудан өткізу болып табылады. 2022-2023 оқу жылында 7 мектеп, атап айтар болсақ, №5,6,12,15,4,22,14,24 мектептері мен 7 балабақша, атап айтар болсақ, «Айша бибі», «Құлыншақ», «Звездочка», «Қобыланды», «Әлия», «Алмагүл», «Таңшолпан», «Сәуле»балабақшалары мемлекеттік аттестаттаудың бірінші кезеңінен сәтті өтіп, мектептердің 4,9,11 сынып оқушылары жоғары білім деңгейін көрсетті. «Балапан» балабақшасы аттестаттаудың бірінші кезеңінен өтпей, екінші кезеңінде аттестатталды.
Биылғы оқу жылында №2, №9, №16, №19, Д.Қонаев, Ө.Жәнібеков, №11 Ақын тұма, Шаш төбе мектептері мен «Жұлдыз», «Көктем», «Қамқор», Дәуір», «Балдәурен» балабақшалары аттестаттаудан өткізілетін болады.
2022-2023 оқу жылында мектеп басшылары мен балабақша меңгерушілері арасында ротация іске асырылып, Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейімен Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектеп директорлары, «Көтем» мен «Жұлдыз» балабақшаларының меңгерушілері ротацияланды.
Білім бөліміне қарасты мектептерде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілуде. Мектептер мен ішкі істер бөлімінің бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 27 семинар, «дөңгелек үстелдер», кездесулер, кәмелеттік жасқа толмаған ұл балалармен 27 іс-шара, кәмелеттік жасқа толмаған қыздармен 9 іс-шара, гинеколог мамандармен 9 кездесу, түрлі жобалар аясында 9 іс-шара өткізіліп, 36 мақала БАҚ беттерінде жарияланды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасын табатын болады. Қалалық полиция бөлімінде тіркеуде – 3 оқушы, мектепішілік тіркеуде – 28 оқушы бар.
Жоғарыда тілге тиек еткендей бөлімге қарасты 3 қосымша білім беру мекемесі (С.Байтереков атындағы балалар саз мектебі, Кентау оқушылар үйі, Кентау сурет мектебі) бар. Онда 2434 оқушы қамтылып, бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылықпен айналысуда. Спорт және техникалық бағыттар қосылып жалпы 5 бағытта 66 үйірме жұмыс істейді. Үйірмелерде балалар өз шығармашылық қабілеттерін дамытып келеді. Кентау қаласында алғаш рет робото-техника бағытында жұмыс жасауға арналған «PABLAB» ашылды. Оны ашу үшін бюджеттен 50 млн қаржы қаралды.
Биылғы жылы қала бойынша Қарнақ, Хантағы, Құсшы ата ауылдарынан 393 бала тасымалданады. Бұл мақсатта 15 млн 937 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Қуантатын жағдай Хантағы, Қарнақ ауылдарына заманауи 2 автобус беріліп, 393 оқушы тасымалдануда.
Қала бойынша 2023 жылы 2228 бала ыстық тамақпен қамтылып, бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 4 пайызға артты.Қыркүйек айынан бастап бөлімге қарасты барлық мектептердің 1-4 сыныбында оқитын 7771 бала (оның ішінде: ҚР Үкіметінің 25.01.2008ж. №64 қаулысында көрсетілген әлеуметтік жағдай бойынша санаттағы 1058 бала) жалпы 8829 оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
Бұйыртса, биыл қалада жаңа мектеп құрылысы басталады. 2025 жылы Кентау қаласына жаңадан құрылған «Шұғыла» және «Қаратау» мөлтек-аудандарына «Жайлы мектеп» жобасы аясында 1200 орындық 2 мектеп салу жоспарлануда. Қазіргі таңда жер телімі бөлініп, техникалық шарттар алынды.
А. АУЕЛБЕКОВ,
Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы