Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің дене шықтыру және АӘТД пәндерінің әдіскері Ж.Абиловтың жылдық жоспарына сәйкес М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінен “Спорттағы дарынды оқушылармен жұмыс жасау, жарыстарға қатыстыру” атты тақырыпта аудандық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты жан-жақты білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау ұрпақ қалыптастыру болды. Сонымен қатар, спортта бала дарынының ашылуына, оны жетілдіруге, спорттық жарыстарға баулуға да көңіл бөлінді. Семинар барысында М. Абдикулов — волейболдан, Е. Нуржанов — асық атудан, Р.Таубаев — баскетболдан, Қ.Рысбек — тоғызқұмалақтан ашық сабақтар өтті. М.Абдикулов “Жеңіл атлетикалық кроссқа оқушыларды дайындау және қатыстыру” атты тақырыпта конференция сабағын өтті. Жарыс кезінде түсірілген арнайы бейнефильмдер көрсетілді. “Ұлттық мектеп лигасы” бағдарламасындағы жеңіл атлетикалық кросстан республикалық жарыста жеңіске жеткен оқушылармен сұхбат ұйымдастырылды.
Семинар соңында әдіскер Ж.Абилов семинарға келген ұстаздарға өз алғысын білдірді. Ал, пән мұғалімдері өткізілген сабақтарға, іс-шараларға өз пікірлерін айтып, алған әсерлерімен бөлісті.
Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 60 мектеп бар. Онда 23611 оқушы білім алады. 60 мектептің 46-сы жалпы орта мектеп болса, 5-еуі негізгі орта мектеп, 9-ы бастауыш мектеп. Сонымен қатар, 1 мектеп интернат ретінде жұмыс істейді. Онда 110 бала тәрбиеленуде. 60 мектептің 51-і типтік, 9-і ыңғайластырылған. Ауданда үш ауысымда оқитын мектеп жоқ.
Аудандағы балаларға арналған өнер мектебінде527 бала бар. «Жас туристер станциясында» 444 оқушы,«555» Білім беру орталығында 405 оқушы,«Жасталап» спорт клубында-168 оқушы,«Ақмейір» білім беру орталығы -200 бала қосымша білім алуда.Білім беру мекемелерінде 3891бала спорттық үйірмелермен қамтылған.
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында барлығы – 3143 педагог қызметкер жұмыс істейді. Олардың 3112-сі жоғары білімді, 31-і орта арнаулы білімді. 28 ұстаз «Педагог-шебер», 598 ұстаз «Педагог -зерттеуші», 711 ұстаз «Педагог- сарапшы», 621 ұстаз «Педагог -модератор» санатына ие болған. Жалпы ауданда жаңа біліктілік санатына ие болған педагогтер саны 1958-ді құрайды. Сонымен қатар жоғары санатты педагогтер – 41, бірінші санатты – 76, екінші санатты педагогтер – 103, педагог санатында – 965.
Аудан педагогтерінің біліктілігін арттыру перспективалық жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылында – 758 педагог курспен қамтылды.2023-2024 оқу жылында – 945 педагог курспен қамту жоспарлануда.
2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан оқушылары 26 жүлделі орын, 7 «Алғыс хат» иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңінен 3 оқушы жүлделі орынды иеленді.Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы үш жыл қатарынан республикалық 100 үздік мектеп тізіміне енді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының кітап қорын көркем әдебиеттермен толықтыру мақсатында облыстық білім басқармасынан тарапынан 4587дана (жалпы сомасы 22 млн 349 мың 608 тг) көркем әдебиет берілді.Бүгінгі таңда барлық мектеп кітапханаларында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұстаздар арасында «Мен оқыған бір кітап», оқушылар арасында «Буктрейлер», «1,2,3» жобасы, «20 минут» кітап оқу жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.