gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында әдістер мен жаттығуларды пайдалану

19 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында әдістер мен жаттығуларды пайдалану
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілі пәнінен «Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында әдістер мен жаттығуларды пайдалану» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты коммуникативті құзіреттілікті арттыруда және сөйлеу мәнерін қалыптастыруда тілдік жаттығулар арқылы оқушыларға лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тұрғысынан пайдалана отырып сөйлеу дағдысын меңгерту болды.

Семинар аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Құралбаева мен мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы А.Қалдыбековтың ұйымдастыруымен өтті. Жиынға келушілер алдымен көрмеге қойылған жұмыстарымен танысты. Одан кейін бірлестік жетекшісі Ф.Тасболатова «Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында әдістер мен жаттығуларды пайдалану» тақырыбындағы шебер сыныбын өткізді.

Семинар барысында Ф.Тасболатова 11 сынып оқушыларына “Discussing controversial issues”, Е.Турсунов 6 сынып оқушыларына «The Time Machine”, А.Мырзалиева 5 сынып оқушыларына «Magic World of Past Simple”, A.Мамраймова 8 сынып оқушыларына “Paste Simple”, Н.Қалдыбай 9 сынып оқушыларына “Food and drink” атты тақырыптарда ашық сабақтар өтіп, түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білді.Семинар соңы “Happy English” атты әдеби кешпен жалғасты.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданының мектептерінде бүгінде 37277 оқушы білім алуда. Оның 2650-і – бірінші сынып оқушылары. Өңіріміздегі өзекті проблемалардың бірі мектептердегі орын тапшылығы екені белгілі. Өткен жылы 7 мектептің, атап айтқанда, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Т.Тула атындағы жалпы орта мектебіне – 300, С.Рақымов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Атажұрт (Жаңа Айнатас) елді мекеніндегі мектепке – 100 және Амангелді атындағы жалпы орта мектебіне 150 орынды қосымша мектеп ғимараты салынған. Сондай-ақ, 200 орынды П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің,  200 орынды Сырлысай елді мекеніндегі жалпы орта мектептерінің құрылысы басталған.

Сонымен қатар, білім мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Яғни ауданда 70 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта аудан мектептеріне тағы да 80 дана бейнебақылау құрылғыларын сатып алу үшін бюджеттен 64 млн. 475 мың қаржы бөлініп отыр. Оқушыларының саны 700-ден көп 11 мектепке турникеттер орнату үшін бюджеттен 24 млн. 420 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу басқармасына ашық конкурс өткізу үшін өтініш берілген.Аудандағы 18 мектептің сыртқы қоршауларын қалпына келтіруге 264,2 млн.теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Ауданда мектебі жоқ 8 елді мекенде  627 мектеп жасындағы бала бар. Олар жақын маңдағы мектептерге қатынап оқиды. Оларды тасуға 9 автокөлік ұйымдастырылған. Бұл үшін қыркүйек-желтоқсан айларына 19 млн. 707 мың теңге бөлінген. 2023-2024 оқу жылында 627 оқушыны тасымалдау үшін Қазығұрт ауданында  мемлекет тарапынан  берілген 20 орынды 4 автобус, 38 орынды 1 автобус және мердігерлер есебінен алынған 3 автокөлік қызмет көрсетуде.

Previous Post

Эссе жазудағы ерекшеліктер айтылды

Next Post

Келесте жас педагогтарға арналған байқау өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz