Ордабасы аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Кітап сыйлау күні» мерекесі аясында білім беру ұйымдары басшыларының қолдауымен білім беру ұйымдарында «Алтын ұяңа кітап сыйла!» атты акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыру, кітап сыйлауды өскелең ұрпаққа дәріптеу, болашақта оқитын ұлт тәрбиелеу болды. Мерекеге барлық білім беру ұйымдарының басшылары атсалысып жалпы саны 715 дана кітап мектеп кітапханасының қорына сыйға тартылды.
Осы мерекеге Ордабасы ауданының әкімі Оралбаев Азат Әбдіғалиұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы өзі білім алған Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта мектебіне балаларға арналған халық ауыз әдебиеті, фольклорлық эпос, ертегілер, дастандар, хиқметтер, батырлар жырынан тұратын 10 томдық шығармаларды тарту етті.
Айта кетейік, бүгінде Ордабасы ауданында 73 мектеп бар. Оның 66-сы мемлекеттік, 7-еуі жекеменшік.Жалпы білім саласына 2023 жылы 34 млрд 828 млн. теңге қаржы қаралған. Қаралған қаржы толығымен игерілді.Мемлекеттік 66 мектептің 52-сі жалпы орта, 2-і негізгі орта, 12-і бастауыш мектеп.Оқушы саны (дайындық тобымен қоса есептегенде) – 37289. 1-ші сыныпқа 3405 оқушы қабылданды.Типтік ғимаратта 50 мектеп, ыңғайластырылған ғимаратта 16 мектеп бар. Екі мектеп саманнан салынған. Апатты мектеп жоқ.
Үш мектепке жаңа ғимараттар салынып пайдалануға берілді. (С.Мұқанов мектебіне 300 орын, З.Исабеков мектебіне 200 орын. Ақбастау мектебіне 100 орын.) Және үш жекеменшік мектеп ашылды (Бадам ауылы, Орда мөлтек ауданынан «Ұлы Орда» және Шұбарсу ауылынан «Көктөбе», «Sia bilim» жекеменшік бастауыш мектептер.). «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдары аралығында ауданда 5 мектеп құрылысы жүргізіледі деп жоспарланған. Елшібек батыр ауылындағы «Төрткүлтөбе, Ынтымақ ауылындағы С.Ысқақов атындағы жалпы орта мектептеріне 200 орындық мектеп құрылыстары 2024 жылға ұсынылды. Қаржы қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары басталады.
Биылғы жылы екі күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Біріншісі, Қажымұқан ауыл округі, Қажымұқан ауылы, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталып, 2024 жылдың наурыз айында пайдалануға берілді. Жалпы құны 336 млн. теңге. Екіншісі, Қараспан ауыл округі, Көлтоған ауылында орналасқан Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы маусым айында басталды. 2024 жылға өтпелі нысан болған. Жалпы қажетті қаржысы 714 млн. 280 мың теңге. 2023 жылға қаралған қаржы 428 млн. 600 мың теңгені құрайды. Мердігер мекеме 286 млн. теңгесі 2024 жылға жоспарланған.
Сонымен бірге 2022 жылы ЖСҚ жасалынып, сараптамадан өткен 5 мектептің құжаттары облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсынылды (1. І.Есенберлин – 992,1 млн. К.Омаров – 716,2 млн. Қ.Сәтбаев – 1 млрд. 008 млн. М.Исламқұлов – 1 млрд. 762 млн.А.Шерімқұлов – 887,2 млн. теңге). 2023 жылы 15 мектепке физика, химия, биология, STEM кабинеттер беру жоспарланған. Бүгінгі күнге облыстық сатып алу басқармасы конкурс өткізген. Биыл жыл соңына дейін алыну қажет болатын. Бірақ анықталған жеңімпаз сотқа шағымдануына байланысты сотта қаралуда. Қаңтар, ақпан айларында сатып алу жоспарлануда.