gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Жас педагогтер жарысқа түсті

14 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Жас педагогтер жарысқа түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицей базасында жас мамандарға арналған аудандық педагогикалық байқау өтті. Педагогикалық байқау жас мұғалімдердің дарынды балалармен педагогикалық білім берудің барлық деңгейлеріндегі қызмет етуге дайындықтың бір түрі болып табылады.

Іс-шараның мақсаты жас педагогтардың өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасауға, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыруға қолдау көрсету болды.

Нәтижесінде ағылшын, орыс тілі, математика және химия пәндерінің үздік мамандары облысқа жолдама алды. Атап айтар болсақ, олар «Ащыбұлақ» жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақсылық Сандуғаш Пернеханқызы, «Қызылдихан» жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Исматов Фарход Шухратұлы, «Қызылдала» жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Алиасқар Ғазиза Талғатқызы, Е.Тасанбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі Қалмаханбет Айдана Қанатқызы.

Аталған байқауға өңірдегі 26 мектептен 57 мұғалім қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданының мектептерінде бүгінде 37277 оқушы білім алуда. Оның 2650-і – бірінші сынып оқушылары. Өңіріміздегі өзекті проблемалардың бірі мектептердегі орын тапшылығы екені белгілі. Өткен жылы 7 мектептің, атап айтқанда, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Т.Тула атындағы жалпы орта мектебіне – 300, С.Рақымов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Атажұрт (Жаңа Айнатас) елді мекеніндегі мектепке – 100 және Амангелді атындағы жалпы орта мектебіне 150 орынды қосымша мектеп ғимараты салынған. Сондай-ақ, 200 орынды П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің,  200 орынды Сырлысай елді мекеніндегі жалпы орта мектептерінің құрылысы басталған.

Сонымен қатар, білім мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Яғни ауданда 70 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта аудан мектептеріне тағы да 80 дана бейнебақылау құрылғыларын сатып алу үшін бюджеттен 64 млн. 475 мың қаржы бөлініп отыр. Оқушыларының саны 700-ден көп 11 мектепке турникеттер орнату үшін бюджеттен 24 млн. 420 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу басқармасына ашық конкурс өткізу үшін өтініш берілген.Аудандағы 18 мектептің сыртқы қоршауларын қалпына келтіруге 264,2 млн.теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Ауданда мектебі жоқ 8 елді мекенде  627 мектеп жасындағы бала бар. Олар жақын маңдағы мектептерге қатынап оқиды. Оларды тасуға 9 автокөлік ұйымдастырылған. Бұл үшін қыркүйек-желтоқсан айларына 19 млн. 707 мың теңге бөлінген. 2023-2024 оқу жылында 627 оқушыны тасымалдау үшін Қазығұрт ауданында  мемлекет тарапынан  берілген 20 орынды 4 автобус, 38 орынды 1 автобус және мердігерлер есебінен алынған 3 автокөлік қызмет көрсетуде.

Previous Post

Ақпараттық-насихаттық топ Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Next Post

Кентауды көркейтуге тартылатын инвестициялар көбеюде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz