gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Ұстаздар ата-аналарға сабақ өтті

20 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Ұстаздар ата-аналарға сабақ өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектепте сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен ата — аналарға «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» тақырыбында жоспарға сай сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру болды.Сабақ барысында педагог психолог ата-аналармен «Ақ пен қара»ойынын,сынып жетекшілер әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып,сабақты өте қызықты ұйымдастырды.

Айта кетейік, бүгінде Сауран ауданындағы білім беру мекемелерінде 3474  мұғалім жұмыс істейді. Олардың арасында арнаулы білімді педагог жоқ.

Ұстаздардың білім деңгейін арттыруда мемлекет өз қамқорлығын танытуда. Қазіргі таңда аудандағы мұғалімдердің 51-і «педагог-шебер», 507-і «педагог-зерттеуші», 813-і «педагог-сарапшы», 756-ы «педагог-модератор», 1071–і «педагог» санатын алған. Былтыр біліктілік арттыру курсынан  өту үшін 734 педагогке сұраныс беріліп, барлығы курстан өтті. Бұл 100 пайызды құрады.

«Өрлеу» БА орталығы АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған курстарда 473, Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 163 педагог, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты тарапынан ұйымдастырылған курстарда 98 педагог  біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.

Бөлімге қарасты  54 мектеп болса, оның ішінде 36 жалпы орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 5 бастауыш. Сонымен қатар, 12 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Онда 25 634 оқушы білім алады. 3335 ұстаз мұғалімдік қызмет атқарады.

Previous Post

Оқушылар шығарма кейіпкерлерінің образын талқылады

Next Post

Үздіктер анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz