gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Үздіктер анықталды

20 февраля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Үздіктер анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары негізінде 2 — 4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІ республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне Сауран ауданындағы №2 жалпы білім беретін мектептен 5 оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысқан барлық оқушы өз білімдерімен дараланып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, 3 «Б» сынып оқушысы Хабибулла Сунаттулла І орынды (жетекшісі Абдурахманова Мехрнсо), 2 «А» сынып оқушысы Маликаждар Айбатыр II орынды (жетекшісі Мырзахметова Гүлзира), 3″А» сынып оқушысы Бабайбек Айбарыс IІІ орынды (жетекшісі Сағымбекова Гүлнұр), 4 «А» сынып оқушысы Құрбанбай Нұрсұлтан ІІІ орынды (жетекшісі Кесебаева Маржан), 4″Б Тожиметов Динмухаммед ІІІ орынды (сынып жетекшісі Исакова Хурсонд) иеленді.

Айта кетейік, бүгінде Сауранда аудандық білім бөліміне қарасты  54 мектеп болса, оның ішінде 36 жалпы орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 5 бастауыш. Сонымен қатар, 12 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Онда 25 634 оқушы білім алады. 3335 ұстаз мұғалімдік қызмет атқарады.

Педагогтардың 51-і «педагог-шебер», 507 -сі «педагог-зерттеуші», 813 -і «педагог-сарапшы», 756-сы «педагог-модератор», 1071–і «педагог» санатын иеленген. Өткен жылы біліктілік арттыру курсынан өту үшін 734 педагогке сұраныс беріліп, барлығы курстан толықтай өтті. «Өрлеу» БА орталығы АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған курстарда 473, Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 163 педагог, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты тарапынан ұйымдастырылған курстарда 98 педагог  біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.

Previous Post

Ұстаздар ата-аналарға сабақ өтті

Next Post

Дарынды балаларға талантты ұстаз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz