gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сайрамда «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» атты семинар өтті

24 мая, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Сайрамда «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» атты семинар өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар болып өтті. Аталған семинардың мақсаты – өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімді меңгерген, салауатты ұрпақ тәрбиелеу,салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету.

Семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Талғатұлы қатысып, семинардың маңыздылығына тоқталды.

Семинарда басымдылық ұлттық құндылықтарға бағытталған. Бес топта түрлі ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында дамытушы орталарда түрлі ұлттық, дидактикалық, дамытушы ойындар ойнатылып, білімдерін нығайтуға арналған әрекеттер көрсетілді.

Семинар барысында «Асық терапиясы» тақырыбында бөбекжайдың әдіскері өз шебер сыныбын көрсетті. Алдағы уақытта асықпен жұмысты ары қарай дамыту көзделіп отырғандығын айтып өтті.

«Жасыл балабақша» жобасының аясында зерттеу жұмысының нәтижесімен бөлісті, «Бағдаршам – біздің досымыз» тақырыбында дамытушы ортада жол белгілерін меңгерту мақсатында іс-әрекет көрсетілді.

«Әжелер мектебі» арнайы ұлттық құндылықтар бағытында жабдықталып, бөбекжайдың әжелері өздерінің өю-өрнек, тігіс тігу, тоқыма тоқу, құрт жасау шеберліктерін білдіршіндерге үйретті. «Мобильді кітапхана» аймағында анамыз тың ертегілерді баяндап балаларға базарлығын тарту етті.

Жалпы «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» – аудандық әдістемелік семинарда тақырыпты жан-жақты қырынан ашып, бүлдіршіндердің осы бағытта жасап жатқан әрекеттерімен бөлісті.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын тәрбиеленушілердің бойына сіңдіру арқылы өткен семинарға білім бөлімінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша әдіскері Қ.Сарманова қорытындылап, QR арқылы бағаланған жалпы қорытынды көрсеткіш 86,7 пайыз болғандығын атап өтті.

Previous Post

Сарыағашта Дарындылар шеруі өтті

Next Post

Кентауда «Парасат» орденінің иегері Рахым Балабиевтың шығармашылық кеші өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz