gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Парасат» орденінің иегері Рахым Балабиевтың шығармашылық кеші өтті

24 мая, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда «Парасат» орденінің иегері Рахым Балабиевтың шығармашылық кеші өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қаланың құрметті азаматы, Жазушылар Одағының мүшесі, «Алаш» сыйлығының иегері Рақым Базаркелдіұлының «Кентауым гүл бағым» атты шығармашылық кеші өтті.
Іс-шараға қала әкімі Жандос Тасов қатысып, қаламгерге құрмет көрсетті.
«Ақын ағамыздың сөзіне жазылған әндері оқырманға күні бүгінге дейін үзілмей жетіп, қазірде туындыларынан өскелең ұрпақ рухани азық алуда. Қалада жас ақындарды әдебиетке баулып қана қоймай, өмірде дұрыс бағыт-бағдар алуға қосып жатқан үлесіңіз орасан. Қазіргі таңда Кентау қаласында өзіңіздің бастамаңызбен ашқан «Қаратау тәжі» әдеби бірлестігі қаладағы ақын-жазушылардың басын біріктіріп, шығармашылықты қолдауға ұйытқы болудасыз. Әлі де береріңіз мол» деген қала басшысы ізгі тілегін атап өтті.
Шығармашылық кеш барысында қаламгердің төл туындыларынан өлеңдер оқылып, әндері шырқалды.
Рахым Балабиев 1936 жылы Созақ ауданы, Сызған ауылында дүниеге келген.
Ақын, акбар қажы, Жазушылар Одағының мүшесі, «Алаш» сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері. Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы. Кентауда әдебиеттің шағын отауын құрған ақынның 14 жыр жинағы жарыққа шыққан. Бүгінде Рахым Базаргелді ұлы мен Салиха анамыз 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп, олардан немере, шөбере сүйіп отырған үлгілі шаңырақ.
Previous Post

Сайрамда «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» атты семинар өтті

Next Post

Ташкентте өткен халықарлық фестивалден Келестік оқушылар жүлдемен оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz