Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде Түркістан қаласында білім саласы үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.
Жалпы Түркістан қаласында 76 мектеп бар. Оның 34-і мемлекеттік болса, 42-сі жекеменшік мектептер. Білім ұяларында 52668 оқушы білім алуда, оының ішінде жекеменшік мектепте 10553 оқушы бар.
Қала аумағындағы мектептердің мәселесін шешу мақсатында 8 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Оның үшеуінің құрылысы 2023 жылы басталып кетті. Өткен жылы 10 жекеменшік мектептер іске қосылып, 2 686 бала жаңа ғимаратпен қамтылды. Биылғы жылы 6 жекеменшік мектеп іске қосылды деп күтілуде.
Қаладағы 4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтсақ. №7 С.Ерубаев, №9 Некрасов, №31 Абай мектебі, №17 Ататүрік мектептері. Сонымен қоса, 6 мектептің және 7 балабақшаның ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді.
Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында 29 мектеп пайдалануға берілген болатын. Ал, биыл облыста 43 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 29-ы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы болса, қор есебінен 14 білім ордасы бой көтеретін болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынатын бұл білім ұялары өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешуге серпін береді.
Сондай-ақ, биыл 100-ден астам оқу орнының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 71 білім беру ұйымының жылыту жүйесі газға ауыстырылады.
Елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан көптеген қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл өз кезегінде білімнің салтанат құрып, кеңге қанат жаюына жол ашпақ. Өйткені сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу болашаққа жасалған басты инвестиция. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Оны үйрететін орта мектеп болса, үйретуші мұғалім. Ал бүгінгі күннің мұғалімі ол қоғам тәрбиешісі екенін қаперде ұстаған абзал. Көп ізденісті, ерекше қабілетті талап ететін маман иесі. Ол сауатты ғана болмай, жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім нәрімен сусындататын жауапты тұлға болмақ.