Ислам діні – барша халықты бірлікке, ынтымаққа шақырушы бейбітшілік діні. Өкінішке қарай, ислам дінінің тонын жамылған теріс пиғылды діни ағымдар бар. Ислам дінінің парыздарын орындауға шын ықыласымен ниетті кейбір мұсылман бауырларымыз өздерінің теріс ағым жолына қалай кетіп қалғандарын аңғара алмай жатады. Теріс діни ағымдардың қақпандарына жаңадан намаз оқуды бастаған, діннен тек үстірт қана хабары бар адамдар түсіп жатады.
Теріс діни ағымдарының өкілдерінде отбасылық құндылықтарын сақтамау, қазақ халқының салт-дәстүрлерін мойындамау, агрессиялық қысым көрсету, ата-анаға қарсы шығу, қоғамнан оқшаулану, өздерін қолдамаған ортаға, зайырлылық принциптерін ұстанатын билік өкілдеріне деген өшпенділік сезімдері байқалады.
Бойына радикализмді сіңірген азаматтар діни радикалдық иделогиясын таратуға барынша ат салады. Ал ислам діні радикализмді құптамайды, бейбітшілік пен ынтамақты үндейді.
Радикалдық идеологияның кез келген түрі қоғам үшін аса қауіпті. Ол қоғамда ұлтаралық, дінаралық араздықты қоздырып, бірлік пен ынтымаққа нұқсан келтіреді. Рухани құндылықтар шетке ысырыла бастайды.
М.Аманов,
«Ар-Рахим» мешітінің бас имамы