Балалар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Ахметовтың ұсынысына сәйкес, мектеп қызметкерлерінің біліктіліктері мен тәжірибелерін арттыру, әдіс-тәсілдерді меңгерту, оқушыларға қауіпсіз, жайлы орта қалыптастыруды жүзеге асыру мақсатында 20 мамыр мен 18 маусым аралығында «REFRАMЕ» тұлғалық даму орталығының «Оқушылардың бейімделу қабілетін арттыру» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы басталды.
Курс бағдарламасы қоғамда өзекті болып отырған өзіне-өзі қол жұмсау, құқық бұзушылық, хиджап, ерте жүктілік, зорлық-зомбылық мәселесі бойынша толық қанды ғылыми тұрғыдан негізделген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған әдістерін қамтиды. Курсқа 74 мектептің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 116 педагог-психолог және 74 әлеуметтік педагогтар және мобильді топ мүшелері қатысады.
Қатысушылар жауапкершілік пен жұмыстың нәтижесін арттыру мақсатында курс соңында оқытылған бағдарлама бойынша тест тапсырып, білімін дәлелдеген жағдайда сертификат алатын болады.