Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 63 білім ошағы салынады. Биыл соның 29-ы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Оның екеуі Кентау қаласында салынып жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 1200 орындық 2 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Олар «Шұғыла» және «Қаратау» мөлтек аудандарында салынатын болады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында құрылысы 2024 жылға жоспарланған 2 мектептің жер мәселесі шешіліп, қала әкімінің қаулысымен «Самрұқ-Қазына» ӘҚ-сына өткізілді. Бүгінгі таңда қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және тағы басқа.
Мемлекет басшысы Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелерін қарап, жүзеге асыру бойынша тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда ұлттық жоба бойынша мектеп инфрақұрылымын жаңғырту жайы әзірленуде.
Жаңа форматтағы оқу орындарының ауқымды құрылысы кезінде қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және тағы басқа толық жабдықтармен қамтылады.
Бүгінде қаладағы мектептердің жылу маусымына дайындық жұмыстары қарқынды. Биылғы жылы орталықтандырылған жылу жүйесіне (ТЭЦ-5) – 26 мекеме қосылса, автономды – 14 мекеме шағын қазандықпен жылытылады.
Мекемелердің жылу жүйесін қысыммен үрлеп, жуып-шаюға бюджеттен – 13 737,7 мың теңге бөлініп, жуып-шаю жұмыстары аяқталды.
Сұйық отынмен жылытылатын 4 мектепке (№7, 8, 9, Қашқари) қажетті 175990,5 литр сұйық отынды «Универсал РК» ЖШС -ы 51 916,6 мың теңгеге ұтып алып, келісімшарт жасалды. Қатты отынмен жылытылатын 5 мектепке (№8, 11, Қарнақ, Шаштөбе, №15) 13 041,6 мың теңге қаралған, бірақ бүгінгі күнге жеңімпаз анықталмады.
Былтыр 2 мектептің жылыту қазандықтары қатты отыннан табиғи газға ауыстырылды. Д.Қонаев атындағы мектеп пен А.Молдағұлова атындағы №19 мектеп толық газбен жылытылды. Биылғы жылы қаладағы орталықтандырылған жылу мәселелерінің орын алуы салдарынан жоғарыда аталған екі мектептен басқа қаладағы 11 мектеп пен 8 балабақшаға қаржы сұралды. Оның 7 мектеп, 7 балабақшаға қаржысы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 4 мектеп пен 1 балабақша маусым айындағы сессияда қаржысы қаралуы жоспарлануда.
Кентау қаласына қарысты мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып отыр. Мәселен, биыл Кентау қаласындағы мектептердегі ағымдағы жөндеу (сырлау, әрлеу, тазалау) жұмыстарын жүргізу үшін – 41 947,2 мың теңге облыстық білім басқармасынан қаржы қаралды. Атап айтсақ, Қарнақ, Қашғари, №9 мектептеріне – 46 948,0 мың теңге қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айта кетсек, Кентау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің арасында үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептер жоқ.
Сонымен қоса, қалада 1927-2011 жылдар аралығында пайдалануға берілген 4 мектеп күрделі жөңдеуді, 10 мектеп ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Мектепке дейінгі мекемелердің арасында табиғи апаттардың салдарынан зардап шеккен, әрі аппатты жағдайда тұрған «Жұлдыз» балабақшасы бар. Қазіргі таңда техникалық зерделеу жұмысы жүргізіліп, апаттылығы анықталып, күрделі жөндеу жұмысы негізінде қалпына келтіру қорытындыдағы көрсетілгені бойынша күрделі жөндеу үшін Жобалау сметалық құжаттама жасауға 10 млн 300 мың тг қаржы қаралып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсында тұр.
2023-2024 оқу жылында 25 мектептің сыртқы әжетханалары жойылған. Кентау қаласы бойынша әжетханаға қажетті заттарға 98 млн теңге қаралып, унитаз, раковина, писуарлары, басқа да әжетхана бөлшектері 10 мектепте ауыстырылды. Одан бөлек М.Қашғари атындағы мектептің септигі жөндеуден өткізілді. Б.Момышұлы атындағы №12, Науаи атындағы №17 мектепте әжетханаларының жөндеу жұмысы жүргізіліп, іске қосылды.
Білім мекемелеріндегі (мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдары) залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін – 5 667,0 мың тенге бөлініп, жұмыс толық аяқталды.
Айта кетейік, Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты мемлекеттік 40 білім нысаны бар. Оның ішінде 28 мектеп, 32 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме жұмыс істейді. Жалпы 63 мекеме бар. Білім бөліміне қарасты 23 мемлекеттік 5 жекеменшік мектепте 21 631 оқушы білім алады. Мемлекеттік мектептің 23-і типтік үлгідегі ғимаратта орналасқан.