Балалар мен жасөспірімдердің өз денсаулықтарына жауапкершілігін нығайту, салауатты өмір дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту өзекті мәселе екенін атап өткен жөн. Осы мақсатта Келес ауданында жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік мәртебесі бар, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көпбалалы, үздік, оқушылар жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберіліп жатыр.
Бүгін осындай санаттағы 200 оқушы бюджет есебінен «Тау гүлі» лагеріне жіберілді. Лагерь ұжымының басты мақсаты – сауықтыруға, білімге және балалардың көңілін көтеретін шараларға басымдық беру болып саналады. Мұнда қосымша білім беру педагогтары балаларға бағыт-бағдар беріп, түрлі үйірмелермен қамтуға жағдай жасалған.
Аудан балаларының демалысы қызықты өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Келестік балалар табиғат аясындағы демалыстарын асыға күткен балалар Төлеби ауданында орналасқан жазғы сауықтыру лагеріне де жіберілді.
Жазғы сауықтыру лагерінде спорттық сайыстар мен түрлі ұлттық, заманауи би жарыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар дәруменге бай тағамдармен тамақтанып танымдық сайыстар тағы басқа сауықтыру шараларында лагердің жетекшілері басшылығымен белсене қатысты.
Балалар жаңа ортада жаңа құрбы-достар тауып, жүздерінде күлкі, көңілдері көтеріңкі қалпында демалыстарын сәтті өткізіп жатыр.Демалыс лагерлерінде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынған.
Биыл аудан бойынша әлеуметтік мәртебесі бар жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көпбалалы, үздік, оқушыларды бюджет қаражаты есебінен жазғы оқу-сауықтыру лагеріне жалпы 2000 оқушы жіберілетін болады. Жас өрендер жаңа дос тауып, демалыстарын көңілді өткізуде.