Кентау қалалық мәслихаттың кезекті 18-ші сессиясы өтті. Сессияға қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, сала және мекеме басшылары қатысты.
Сессияға қалалық мәслихат хатшысы Қабылан Елеусізов төрағалық етті. Сессияның күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.
Атап айтқанда: 1.Кентау қалалық әкімдігінің және Түркістан облыстық тексеру комиссиясының 2023 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау және бекіту туралы;
2.Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2023-2024 жылдар мерзімінде атқарған жұмыстары туралы есебі;
3.Кентау қалалық мәслихат депутаттары сауалдарының орындалу барысы туралы;
4.Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы;
5.Кентау қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;
6.Кентау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алдын ала комиссия отырысында баяндамашылар тыңдалып, мәселелер кеңінен талқыланғаннан кейін сессияда тиісті шешімдер қабылданды.