2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында бүгінде ауданда «Жайлы мектеп» жобасымен құрылысы жүргізілуі тиіс 6 нысанның 3-і кестеге сәйкес тиісті жұмыстарын жүргізуде. Осы ретте аудан әкімі Мамытов Серік Үсенұлы «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында ауданда құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарын аралап, жұмыстардың барысымен, сапасымен танысты. Мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, құрылысты жүргізудегі қолбайлау болып отырған мәселелердің шешілу жолдарын талқылады.
Нақтырақ айтар болсақ, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы өткен жылы басталған болса, биылғы жылдың соңына дейін Жетісай қаласынан 900 орындық және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы басталып, 2025 жылы қолданысқа тапсырылады деп жоспарлануда.
Заманауи пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалмақ.
Құрылысы жүргізіліп жатқан мектептерден бөлек жаңа оқу жылына аудандағы 5 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 1 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады.
Айта кетейік, өткен жылы Жетісай қаласынан 1 500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы басталған болатын. Ал, биылғы жылы Жетісай қаласынан 900 орындық, Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық және Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы қарқын алды. Аталған мектептер 2025 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.