Қазақстан Республикасында білім беру саласының оқытушылары арасында биылғы жылдың 10 маусымында Дубай (БАӘ) қаласында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Халықаралық біліктілікті арттыру ұйымы Qazsaq Media Group» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Global teaching» конференциясына Қарасу ауылындағы №74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ділдән Нұрилла Әділбекқызы шақырылған болатын. Аталған ұйымның хабарламасы арқылы білімін арттырып, бірнеше елден келген педагог қызметкерлерімен тәжірибе алмасып қайтты. Ол халықаралық «ХХІІ Global teaching Dubai» бағдарламасы аясында Дубай қаласында өткен 108 сағаттық семинарына белсенді қатысып, өзінің ғылыми ізденістері мен озық тәжірибесімен бөлісті.
–Жасанды интеллект білім беруді қоса алғанда, әртүрлі салаларда көбірек қолданылады. Аталған технологиясын білімге біріктіру, білімді қалай үйренетінімізді, оқытатынымызды және бағалайтынымызды өзгертуі мүмкін. Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың артықшылықтары мен қиындықтары талқыланады. Мысалы, оқушылардың белсенділігін арттыру, мұғалімдерге жүктемені азайту және жасанды интеллект алгоритмдеріндегі ықтимал қателіктер, – дейді зерттеуші ұстаз.
Семинардың қорытындысына сәйкес, эаңашыл ұстаз «Білім саласындағы жасанды интеллект» тақырыбында баяндаманы үздік қорғағаны үшін халықаралық дәрежедегі сертификат және І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бүгінде ауданда білім майданындағы білікті ұстаздар жеткілікті. Білімге жаны құмар Нұрилла Ділдән Қарасу ауылындағы абыройлы ұстаздардың алды. Бүгінде мол тәжірибе жинақтаған, жас мамандарға тәлімгерлік тәрбие беріп жүрген ол – мамандығын құрмет тұтатын, өз пәнін сүйетін, шәкірттерін де сол бағытта баули алатын үлгілі ұстаз.