gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістандық оқушы әлемнің 40 университетінен грант жеңіп алды

21 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістандық оқушы әлемнің 40 университетінен грант жеңіп алды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандық оқушылардың білім саласындағы жетістіктері орасан. Соның бірі – «Түркістан білім-инновация» лицейінің оқушысы Ислам Абдурахманов әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады.
Ислам 7-сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізді. Интеллектуалды жарыстарды негізге алып, олардың ішінде шахматпен ерекше айналысты. Соның аясында қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қолаға қол жеткізді.
«8-сыныпта IT саласына қызығушылығым оянып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен «Hackathon» атты жарыстан алтынға қол жеткіздім. Осы іс шарада алған іс-тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының «Eco Turkistan» клубының мүшесі болдым және ол жерде біраз тәжірибе ала отыра, Кентау қаласында өзімнің «Green Team» атты жеке эко клубымды аштым», –дейді ол.
11-сыныптан бастап жоғары оқу орнына түсуді қолға алған Ислам әлемнің 6 елінен 40-тан астам университетінен шақырту алды. Сөйтіп облыстың абыройын асқақтатты.
Исламның таңдауы АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласындағы «North American University(NAU)» мекемесіне түсті. Үздік оқушы шет елде білім алып, Отанға оралып, еңбек етуді көздеп отыр.
Айта кетейік, «Түркістан білім-инновация лицейі 700 оқушыға арналған. 500 орындық жатақханасы бар. Білім ұясы ең соңғы үлгідегі заманауи оқу құралдарымен жабдықталған.
Жалпы облыста биыл 29 мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 19-ы 1-қыркүйек күні тапсырылады деп күтілуде.

Previous Post

Кентауда көп қабатты тұрғын үй аулалары жөнделіп жатыр

Next Post

Кентау қаласының әкімі “Алтын белгі” иегерлерімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz