gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау қаласының әкімі “Алтын белгі” иегерлерімен кездесті

21 июня, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентау қаласының әкімі “Алтын белгі” иегерлерімен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ашық аспан аясында биылғы оқу жылында ҰБТ-ден жоғары балл жинап, «Алтын белгілерін» ақтап шыққан 70-ке жуық білімді жастармен кездесті.
Кездесу еркін форматта қаладағы С.Қожанов саябағында ұйымдастырылды. Жиынды қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы С.Азат жүргізіп отырды.
Қала басшысы ең алдымен жастарға ұстаздарының және ата-аналарының үмітін ақтап, Кентау қаласының мерейін үстем еткен жетістіктерімен құттықтап, алғысын білдірді.
«Сіздердің осындай жетістікке жетуде бойларыңызға білім мен тәлімді тәрбие беруде тер төккен ұстаздарыңыздың еселі еңбектерінің нәтижесі деп білемін. Алдағы уақытта Абай атамыз айтқандай: “бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық” бола білсеңіздер, жақындарыңыз бен жанышырларыңыздың мақтанышына айнала бересіздер. Енді бұдан кейін үлкен өмірге қанат қағып барасыздар. Қанаттарыңыз талмай, биіктерге самғай беріңіздер! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңізге тілектеспін. Таңдаған мамандықтың мықты иесі, кәсіпқойы болыңыздар!», деді қала әкімі.
Жайма шуақ жаздың керемет сәтінде өткен кездесуде жастар тарапынан қала басшысына түрлі тақырыпта еркін сауалдар жолданып, ойларымен бөлісті.
Еліміз бойынша ҰБТ-ден ең жоғарғы 138 балл жинаған А.Қожанов сөз алып, қала басшылығына өз ризашылығын жетікізіп, білім беру жолындағы ұлағатты ұстаздарына алғысын жеткізді.
Қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы кездесу барысында жастарға алдағы өмірлеріне үлкен сәттіліктер жолдап, «Алғыс хаттар» табыс етті. Сонымен қатар, ұлы ғұламалардың терең мағынаға толы кітаптарын тарту етті.
Қала бойынша 2023-2024 оқу жылында 928 түлек оқуын аяқтады. Мектеп бітіруші түлектердің арасында 53 оқушы «Алтын белгі», 30 оқушы «Үздік үлгідегі аттестат» иегерлері болды.
Previous Post

Түркістандық оқушы әлемнің 40 университетінен грант жеңіп алды

Next Post

Түркістанда 2 мыңнан аса оқушы жазғы лагерлерде демалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz