Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан облысының ерікті және белсенді жастарымен Кентауда кездесу өтті.
Шараға, Жастар және отбасы істер комитет төрағасының орынбасары Әлімжанов Біржан Нұржанұлы, Өзбекстан Республикасының жастар басқармасының басшысы Мирзаев Бобуржан,«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшісі Искандерова Ақерке, Кентау қаласының әкімі Тасов Жандос, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Бақытжанұлы қатысты. Жиында қоғам белсендісі, блогер Мамыр Олжас жүргізіп отырды.
Біз жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, жігері мен құлшынысын дұрыс арнаға бағыттай білсек, Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналып, әділетті қоғам орнайтыны сөзсіз. Ол үшін бүгінгі жастарымыз Мемлекет басшысы айтқандай, ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Яғни, отаншыл, білімпаз, еңбекқор, әділ әрі жанашыр болуы тиіс. Мемлекет бүгінде өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына, ғылыммен айналысуына, жұмысқа орналасуына және жеке кәсібін бастауға жан-жақты қолдау көрсетуде. Мұның барлығы жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталады. Ең бастысы, оның механизмі жастар үшін қарапайым әрі түсінікті болуы керек.
Мұндай кездесулер дәстүрлі және ашық болуы керек. Біз креативті индустрияны дамытуға және жастардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасаймыз. Сіздердің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңыз біздің ортақ болашағымызды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Мұндай кездесулер әлі де жалғасын табуы керек, мен сіздердің бастамаларыңызды талқылауға әрқашан ашықпын, – деді Біржан Нұржанұлы
Кездесуге қаладағы түрлі ұйым мүшелері, оқу орындары студенттері мен белсенді жастар қатысты. Аталған жиында жастар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізіп, еркін форматта сұхбат жүргізді.