gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кентаудан Ұлттық бірыңғай тестілеуге 677 түлек қатысады

13 июля, 2024
in Қоғам
0
Кентаудан Ұлттық бірыңғай тестілеуге 677 түлек қатысады
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
Қалалық білім беру бөлімінің міндетін атқарушы З.Отызбаева 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестке дайындық жұмыстары туралы баяндады.
Биылғы оқу жылында бітіруші 11-сыныптар оқушы саны – 741 оқушы. Оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын оқушы саны-677, қатыспайтын оқушы саны-64 оқушы, оның ішінде 2 оқушы үйден білім алады. Олардың «Алтын белгіге үміткері — 45 оқушы, «Үздік аттестатқа» 29 оқушы үміткер.
Екінші болып қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Төлегенов Кентау қаласы аумағының су айдындарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берді.
Күн тәртібіне сәйкес үшінші баяндамашы қалалық ТҮКШ және ТҮ инспекциясы бөлімінің басшысы Т.Искаков Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының барысы туралы баяндаса, төртінші болып «Кентау қаласының цифрландыру орталығы» КММ-нің директоры Ж.Қожахмет 4 сектор меңгерушілерінің жұмыс барысы жайында баяндап өтті.
Әр баяндамашыны тыңдаған қала әкімі оқушылар үшін алда келе жатқан жазғы демалысқа байланысты қадағалау шараларын күшейтуді, қалалық білім беру бөлімі мен төтенше жағдайлар бөліміне және тиісті салаларға балалардың шомылу кезінде сақтатық шаралары мен ата-анасының қарауынсыз ешқайда шықпауды, таулы аймақтарға үлкендерсіз бармауды насихаттау, түсіндіру жұмысын жеделдетуді тапсырды.
Одан бөлек, әр секторда орын алып жатқан оқылықтар мен мәселелерді назарға алып, берілген уақытқа дейін қалыпқа келтіруді тапсырды. Әр апта сайын секторлардағы атқарылған жұмыстар тыңдалып отыратынын ескертті.
Previous Post

Кентауда ақсақалдар мен жастар тазалық акциясына белсене қатысты

Next Post

Кентауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz