gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түлкібас ауданындағы лагерьде сенбілік өтті

15 июля, 2024
in Қоғам
0
Түлкібас ауданындағы лагерьде сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысы білім басқармасы әр апта аймақтың әр аудандарына сенбілік жұмыстарын жүргізеді. Бұл апта Түлкібас ауданында орналасқан «Самал» жазғы сауықтыру лагеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.

Эконауқанға білім саласының барлық ұйымы бірлесіп белсенділік танытты. Жоғары деңгейде тазалық жұмыстарын ерікті түрде жүргізді.

Тазалық шарасына Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлынан бастап, орынбасарлары, басқармадағы бөлім басшылары мен бас мамандар атсалысты.

Игі бастаманың соңы жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға ерекше балмұздақ таратумен жалғасты. Білім басқармасының ұжымы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі тәттілер үлестірді. Дән риза болған демалушылар концерттік бағдарламамен кеш өткізіп, өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетерлігі, Түркістан облысының білім басқармасының «Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Самал» жазғы сауықтыру лагерінің ғимараты «Сайрам – Өгем» МҰТП -нің жер аумағында орналасқан. Лагерде Түркістан облысының балалар үйлерінің 150 тәрбиеленушісі 10 маусымнан 23 тамыз аралығында 75 күн демалады. Лагерь 6 жаздық корпус 15 қыстық корпустан тұрады.

Республикалық акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын бастай отырып, бұл бір реттік акция емес екенін айтып, әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар назардан тыс қалмуы тиіс екенін атап өтті.

Естеріңізде болса,  осы жылдың 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланған болатын. Аталған акция осы жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Previous Post

Кентауда ауылшаруашылы саласында өндірілген өнім көлемі артып келеді

Next Post

«Серпін» бағдарламасы бойынша түркістандықтарға 800-ден астам грант бөлінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz