gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Серпін» бағдарламасы бойынша түркістандықтарға 800-ден астам грант бөлінді

15 июля, 2024
in Қоғам
0
«Серпін» бағдарламасы бойынша түркістандықтарға 800-ден астам грант бөлінді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Серпін – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарының өкілдері облыс жастарына жан-жақты мәлімет беруде.

«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етілетіндігі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды. Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 3903 грант бөлінген. Осы жылы 800-ден астам түркістандықтар грантқа ие бола алады. «Серпін» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатыр. Ескерту: Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Ақпараттандыру жұмыстары 20 шілдеге дейін жүзеге асады.

Биыл оңтүстік өңірдік жастары үшін 19 оқу орнынан 4 мыңға жуық грант бөлінген.

Солтүстік Қазақстан облысынан келген өкілдердің айтуынша, өңірде техникалық, агроөнеркәсіптік, ауыл шаруашалығы, педагогикалық және тау кен ісі бойынша мамандар жетіспейді. Сондықтан бағдарламада аясында техникалық мамандықтарға басымдық берілген. Ал, мемлекеттің арнайы шәкіртақысына ие болу үшін студент оқу барысында жоғары білім көрсеткішін көрсетуі тиіс екен.

«Серпін» бағдарламасының ерекшелігі, ҰБТ-ға қатыспаған немесе аз балл жинаған түлектер де білім алып, маман иесі атануына болады. Әсіресе орта арнаулы білім алғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік жасалған. Өйткені колледжге түсетіндер мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктерге ие болады.

Бүгінгі таңда еліміздегі 19 жоғары, 44 орта арнаулы оқу орны дәл осы бағдарлама аясында түлектерді қабылдайды. Қазіргі таңда елімізде талапкерлер көп таңдайтын, көш бастап тұрған үш мамандық бар, олар – инженерлік, педагогикалық және ІT. Соның ішінде биыл «Серпін» бағдарламасына министрлік тарапынан 3903 грант қарастырылды. Оның 65 пайызы, яғни 2513 грант педагогикалық бағытқа бөлініп отыр. Бұл мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен қолдау. Бұдан бөлек, Президентіміздің тапсырмасы аясында өңірлік жоғары оқу орындарында шетелдік университеттердің филиалы ашылып жатыр. Шетелдік оқу орындарында білім алғысы келетіндер үшін бұл жақсы мүмкіндік. Енді әлемнің жетекші ЖОО-ларында Қазақстаннан шықпай-ақ жоғары білім алуға болады.

Previous Post

Түлкібас ауданындағы лагерьде сенбілік өтті

Next Post

Кентаулық 29 түлек «Үздік аттестатқа» 29 оқушы үміткер

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz