Келес ауданында 2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша білім саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Былтыр білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасы нығайды.
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 20 мектепке турникет орнату жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ мектептер қосымша бейнебақылау камераларымен жабдықталды. 13 мектептің қоршауларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша 23 мектептен 3400-ден аса бала мектепке тасымалданады. Облыс бойынша тасымалданып оқитын балалар саны бойынша көш басында тұр. Сондықтан білім ордаларына заманауи жаңа мектеп автобустары қажет болған. Осы ретте өткен жылы 12 жаңа автобус Келес ауданына берілді. Жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп сөмкесіне арналған сөрелермен, есіктері ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен және тағы да басқа қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған.
Ал, өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында, аудандағы 28 мектепке өрт дабыл түймешесі орнатылды.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 2023 жылы 3 мектеп құрылысы басталған болатын. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр. 1-4 сыныпта оқитын 12853 бала, әлеуметтік жағдайына қарай жалпы 724 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
Сапалы оқыту және өздігінен оқып, білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Сондықтан оқу-әдістемелік жүйесін дамыту қашан да өзекті мәселе. Осы бағытта аудандағы жетекші мектептер оқу-әдістемелік, ғылыми-практикалық, тәжірибелік әдістемелік қолдау шараларын үздіксіз жүргізеді. НЗМ ДББҰ, ПШО-ның тәртіптемесіне сәйкес PISA, мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу, тапсырмаларды әзірлеу және сараптау, бейін бойынша біліктілік арттыру курстарына жетекші мектептердің мұғалімдері біліктілік арттырды. Мұғалімдер 2023 жылы оқушылардың ғылыми-жаратылыстану және оқу сауаттылығын, сындарлы ойлауын дамыту, креативті ойлауын дамыту бойынша пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» – 698 мұғалім; «Назарбаев Зияткерлік мектептер» Педагогикалық шеберлік орталығының базасында – 200-ден аса мұғалім өз біліктіліктерін арттырды.
Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, олардың кәсіби және әдістемелік дайындығына байланысты, аудандық әдістемелік кабинеті тарапынан оқу ордаларына тұрақты түрде әдістемелік қолдау көрсетіліп тұрады. Мұғалімдерге көрсетілген әдістемелік қолдаулардың нәтижесінде білім алушылардың жетістігі артып отыр. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпаданың облыстық кезеңіне 42 оқушы қатысып, оның ішінде 16 оқушы марапатталды. Атап айтқанда 10 (I, II,III) жүлделі орын, 6 алғыс хат иеленді. 5-6 сыныптар арасында өткізілген облыстық олимпиадаға ауданның білім беру ұйымдарынан 12 оқушылары қатысып, ал 7 оқушы жүлделі орын, 4 оқушы алғыс хатқа ие болды. Жаратылыс-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне 15 оқушы қатысып, 7 оқушы жүлделі (I, II,III) орын, 2 оқушы мадақтама иеленді.
Елбасының «Ел Үміті» бастамасын жүзеге асыру мақсатында өткен «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына 5-6 сынып оқушыларынан 4488 оқушы қатысып, 55 оқушы жеңімпаз атанып, 16 оқушы Дарын, БИЛ мектептеріне оқуға түсті. Республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде білім беру ұйымдарынан 2-7 сыныптан 13 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлдемен оралды. Мұғалім біліктілігі артқан сайын, шәкірттер жетістігі де көбеюде. IQanat олимпиадасының республикалық кезеңіне ауданымыздың 19 оқушысы іріктелді. Дарынды оқушылар «Абайтану», «Мәшһүр Жүсіп оқулары», «М.Мақатаев оқулары» «Ілияс оқулары» «Әбіш оқулары», «Мағжан оқулары», «Жарқын болашақ», ProEco, «Ясауитану», «Менің кіші Отаным», «Жыр алыбы – Жамбыл» сияқты байқаулардың облыстық кезеңдерінде жүлдемен оралып келді.
Биылғы оқу жылында аудан бойынша жалпы орта мектепті 2002 түлек бітірді. Оның 1594-і ( 79%) ҰБТ-ға қатысты. Оның 625 оқушысы грант иегері атанды. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мектептерде 315 спорттық, 239 қолөнер, 175 ән-би, 497 пәндік үйірмелер жұмыс істеуде. Тәрбие және қосымша білім беру саласында да бірқатар істер атқарылды. Мектептен тыс спорт мектептерінде 500-ге жуық, саз мектептерінде 300 оқушы білім алуда. Жергілікті жерлердегі спорт алаңшаларында 17 мыңға жуық оқушы күнделікті бос уақыттарын өткізуде.
Келес ауданының білім бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі мен аудандық прокуратурамен бірге ағымдағы жылы тұрақты түрде түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Келес ауданының білім бөлімінің жанынан аудандық ата-аналар комитеті құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.