Түлкібас ауданында орналасқан «Қуаныш» жазғы сауықтыру лагерінде «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 17 аудан-қаладағы өнерпаз оқушылардың қатысуымен жалпы физиологиялық сана-сезімді дамытып, белсенді өмір сүру салты насихатталды.
Демалушылар бос уақыттарын дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін жаттығу іс-әрекетке жұмсады. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығып-шыңдалуымен қатар, түрлі бағытта іс-шаралар өткізілді.
Соның бірі аталған лагерь демалушылары арасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» атты тақырыпта жарыс ұйымдастырылды. Мұндағы басты мақсат – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс жоғары деңгейде, тартысты өтті. Аталған сайыс жеңімпаздарына әдеби және спорттық іс-шараларға белсене қатысқан демалушыларға орталық атынан алғысхаттар мен сертификаттар табыс етілді.
Биыл Түркістан облысында 35 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагерлері қызмет көрсетеді. Оның 7-уі мемлекеттік, 15-і жекеменшік. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкерлер жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтерлар, 80 облыстық колледж студенттері практикаға тартылады. 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен өңірдегі 2 лагерде 3421 бала (Түлкібас (2000 бала), Төлеби аудандарының (1421 бала) лагерлерінде) демалады деп күтілуде. Бұл 0,8% құрайды. Сонымен бірге, мектеп жанында 5 күннен шатырлы және киіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырлады. Оған 10 000 оқушы қамтылатын болады. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен төленеді.
Бүгінгі күні осы лагерьлердің жұмысын қызықты өткізу үшін «Үздік жаздық бағдарлама» байқауы жоспарланған.
Бұған қоса, 350 мектепте 1 мезгілгі тамақпен ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерлер жұмыстарын жүргізеді.Түркістан облысы бойынша 1-5 сынып оқушыларының жалпы саны 256 197. Облыс бойынша барлығы 1-10 сыныптарда 467 766 оқушы бар, оның ішінде 366 123 (78,1) оқушыны қамту жоспарлануда. Осы мақсатта барлығы 2 259 1тенге қарастырылуда.
Қала сыртындағы лагерлердегі ауысымдар 1-5 маусым аралығында басталып, 5-10 сынып оқушылары қамтылады: Онда: әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 бала бюджет есебінен; Маусымдық лагерлерде жолдама құны 59 594 мың теңгені құрайды, әр ауысымның ұзақтығы 10 күн.
Облысымызда жазғы маусымда барлық мектептерде спорттық командалар жасақталып, спорттық ойындар мен жарыстар, спартакиадалар, үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, жасөспірімдердің Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи орындар – Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек қалалары мен қаламыздың мұражайларына бару және туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырып, оған 41 000 оқушы барады деп жоспарлануда.
Жоғарыда аталған іс-шаралар барысында мониторинг жасап, жұмыстарды бақылауға алу мақсатында барлық құқық қорғау мен құзырлы сала өкілдерінен облыста жұмыс штабы құрылған.