Бүгін ауданда білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Кеңес жиынына аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы , аудандық білім бөлімінің басшысы Абдиев Бахтияр Сапарұлы, «Аманат» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Исакулов Есімхан Ешанқұлұлы,
аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтар, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері ,балабақша меңгерушілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынға келген көпшілік мәдениет үйінің алдында жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалады. Ал, кіреберісінде үздік ұстаздардың инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеден кейін аудандық мәдениет үйінің залында білім саласының жетістіктері бойынша бейнеролик көрсетіліп,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Алғашқы сөзді аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы сөз алып, ұлағатты ұстаздар қауымын аудандық тамыз педагогикалық кеңесінің ашылуымен және жаңа оқу жылымен құттықтап, баяндама жасады.
Жиында алдымен аудандық білім бөлімі басшысы Бахтияр Сапарұлы баяндама жасап, 2023-2024 оқу жылында ауданның білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы атап өтті.
Шара барысында ауданның білім саласындағы жемісті еңбектері үшін үздік ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.