Бәйдібек аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында білім саласы қызметкерлерінің аудандық тамыз кеңесі өтілді.
Тамыз кеңесі – ұстаздардың дәстүр болып қалыптасқан алқалы жиыны. Білім беру саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді саралайтын алаң, алдағы міндеттерді талқылайтын маңызды басқосу жиыны.
Білім саласы қызметкерлерінің аудандық тамыз кеңесіне Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығының» басшы орынбасары Айдаров Нұралы Тұрдыұлы, аудан әкімі Нұрмаханов Ерлан Заипұлы, аудандық мәслихат төрағасы Түймебаев Имангелді Қансейітұлы, Amanat партиясының аудандық филиалының төрағасы Құлымбет Ақбала Аманбайқызы, аудандық бөлім басшылары, білім бөлімі жанынан құрылған Ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйым өкілдері, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері және педагогтер қатысты.
Аудандық тамыз кеңесі: І бөлім – Цифрлық көрме, ІІ бөлім — Пленарлық отырыс, ІІІ бөлім — Педагог қызметкерлерді марапаттау рәсімінен тұрды.
Пленарлық отырыстың ресми бөлімінде спикерлер аудан әкімі Ерлан Заипұлы педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Пернеев Ерболат Аманұлы «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» баяндама жасап, аудан педагогтерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Сонымен қатар, білім беру саласының өркендеп дамуына айрықша үлес қосып, шығармашылық жетістікерге жеткен педагог қызметкерлер тиісті деңгейде марапатталды.
Тамыз кеңесінің ресми бөлімі аяқталған соң, келген қонақтарға мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды.