Тамыз кеңесі — бұл тамыры терең, тағлымы мол, айтары айқын, мақсаты тың тақырыптарды талқыға салатын — жауапты жиын.
Осы орайда, бүгін Сайрам ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Кеңеске қонақтар, аудан прокуроры Д.Тлемисов, «Amanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қ.Сыздықов, мекеме-ұйым басшылары, педагогтер, балабақша меңгерушілері, аудандық бөлім басшылары, ауылдық округтерінің әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиналған көпшілік мәдениет үйінің алдында жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалады. Ал, кіреберісінде үздік ұстаздардың инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Ахметов Бауыржан Талғатұлы БЖБ және ТЖБ қорытындыларын талдауды автоматтандыру арқылы оқу мақсаттарын үлгермеген оқушылармен жұмыстарды белсендіру, жиынтық жұмыстарды тексеруде жасанды интеллектті қолдану, математика пәнін ағылшынша өтуде жасанды интеллектіні қолданудың тиімді жолдары, тәжірибеге негізделген білім берудегі жасанды интеллектіні қолдану, білім саласындағы жасанды интеллект, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық жобаларды пайдалану бойынша мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын таныстырды.
Көрмеден кейін аудандық мәдениет үйінің залында білім саласының жетістіктері бойынша бейнеролик көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Модератор бөлім басшысы конференцияны ашып, алғашқы сөзді аудан әкімі А.Сәбитовке ұсынды. Өз кезегінде мұғалімдер қауымының атына жылы сөздер айтылып, жас ұрпақтардың білімі мен тәрбиесімен жұмыс жүргізетін ұстаздардың жауапкершіліктерімен қатар, білім сапасына қойылатын талаптар аталды.
Тамыз кеңесінің бағдармасына сәйкес, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы М.Айнабеков «Цифрландыру жағдайында тұрақты даму компонентін білім беру мазмұнына интеграциялау» тақырыбында атқарылған жұмыстардың барысы, «Global Sapa» халықаралық Академиясының құрылтайшысы Т.Шингужинова «Педагогтердіңардың біліктілігін арттырудың және курстан кейін сүйемелдеудің маңызы», М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, доценті С.Мажинбеков «Жоғарғы оқу орындарындағы болашақ педагогтарды даярлау және оның бүгінгі заман талабына сай құзіреттілігі», «GREEN school» инновациялық жайлы мектебінің директоры Н.Өтепов «Педагогтердің мүдделері мен қажеттіліктерін негізге ала отырып, олардың үздіксіз өсуіне қолдау көрсетуде жасанды интеллектің ресурстарын пайдалану» жайында баяндамалары тыңдалды.
Шарада аудан прокуроры аудан аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу профилактикасын түсіндірді.
Бірқатар ұстаздардың еңбектері еленіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жиынды қорытындылаған аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Талғатұлы білім беру мекемелерінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелеріне тоқталып, осы бағытты дамыту мақсатында тиісті жұмыстардың атқарылатынын жеткізді. Атап айтқанда, бүлдіршіндерді балабақшаға кезекке қою, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау, педагогтардың аттестациясы мен цифрлық білім беру платформаларын бағамдау, ақпараттық электрондық журнал шығару және «Қауіпсіз мектеп» автоматтандырылған жүйесін іске қосу.
Сөзінің соңында білім қызметкерлерін алдағы мерекелермен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.