Бүгін ауданда тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Кеңес жиынына аудан әкімі орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбекұлы, ардагер ұстаздар, аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Көпшілік алдымен аудандық мәдениет сарайының фойесіндегі білім беру ұйымдарының жетістіктері мен атқарған жұмыстары туралы көрме жұмыстарын тамашалады.
Жиында алдымен аудандық білім бөлімі басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы баяндама жасап, 2023-2024 оқу жылында ауданның білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы атап өтті.
Шардара аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбекұлы сөз алып, ұлағатты ұстаздар қауымын аудандық тамыз педагогикалық кеңесінің ашылумен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Сонымен қатар пленарлық отырыс барысында ауданның білім саласындағы жемісті еңбектері үшін бір топ ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілерімен, Облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Ауданның білім саласындағы өткен жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алдағы жаңа оқу жылына қойған міндеттер сараланды.