Сауран ауданының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Алқалы жиын барысында Сауран ауданының білім бөлімінің басшысы Батырбекова Ақмарал Үсенқызы «Білім саласының жай-күйі: жаңа оқу жылының ерекшеліктері мен міндеттері» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар дәстүрлі тамыз кеңесіне Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының директорының орынбасары Сейдалиева Ақнұр Бақытқызы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің директоры Теміров Бекмомын Құлмұханұлы, «Nomad Shool» инновациялық мектеп-лицейінің директоры Абибулла Смаил Қансеитұлы қонақ ретінде қатысты.
Кеңесте аудан әкімінің орынбасары Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы, алдағы жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Плеанарлық отырысқа білім саласының 200-ден астам қызметкері қатысты.